Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12640111
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12786
29268
99060
12290016
334276
367470
12640111

Сіздің IP: 34.204.177.148
Уақыт: 2024-03-28 15:46:13

«Жаңа жұлдыз – 2014» вокалдық шеберліктің облыстық сайысының қорытындысы

2014.04.23 05 «Жаңа жұлдыз – 2014» вокалдық шеберліктің облыстық сайысының қорытындысы

2014 жылдың 23 сәуірі күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының Үлкен залында «Жаңа жұлдыз – 2014» вокалдық шеберліктің облыстық сайысы өткізілді.

Сайыс мақсаты: жас ұрпақ бойында көркемдік талғам мен мәдени құндылықтарды қалыптастыру және тәрбилеу. Балалар мен жасөспірімдер арасында вокалдық өнерге деген қызығушылықты арттыру және дарындыларды анықтау.

 

Әділ қазылар құрамына Оқушылар сарайының педагогтері «Жас дәурен» вокалдық студиясының жетекшісі Ногаева Б.К., балалар әндерінің сазгері, ҚР сазгерлер одағының мүшесі, «Дебют» авторлық студиясының жетекшісі Лютровник Э.Т., «Музыкалық колледж - музыкалық мектеп-интернат» кешенінің «Ән салу» бөлімінің меңгерушісі Альжанова Г.Т:, «Муззон» продюсерлік орталығының директоры Носов Ю.Л., концерттік-продюсерлік орталықтың директоры, «W-you» тобының солисті, «Х-фактор» тележобасының финалисі Руслан Кузьгов кірді.

2014.04.23 04 «Жаңа жұлдыз – 2014» вокалдық шеберліктің облыстық сайысының қорытындысы

Сайыс барысында қатысушылар үш жас ерекшелік тобына (кіші, орта, үлкен) жіктеле отырып өнер көрсетті. 28 сайыскердің әрқайсысы екі әннен орындады.

Сайыс қорытындысы:
«Көрермен көзайымы» номинациясы – Сагалиев Арман, Азнабек Алдияр, №43 ЖОББМ дуэті; «Үздік костюм» номинациясы - Смаулова Малика, Воробьева Кристина.

Кіші топ:
І дәрежелі диплом – «Мерей» вокал тобы, Ақсу қаласы.
ІІ дәрежелі диплом – Асығатұлы Шыңғыс, №25 ЖОББМ оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом – Рауш Арианна, №13 ЖОББМ және Оңалбай Мари, Баянауыл ауданы.

Орта топ:
І дәрежелі диплом – Смагулова Малика, №10 лицей; Каппасов Балтабек, №25 ЖОББМ, Жаңбырбай Әділхан, Баянауыл ауданы.
ІІ дәрежелі диплом – Терликбаева Алуа, №10 лицей; Ташенова Жұлдызай, №21 ЖОББМ, Линнас Елизавета, №7 ЖОББМ оқушысы.
ІІІ дәрежелі диплом – Тюлубай Нұрсипат, Сарсебек Али, «Жігер» клубы.

Үлкен топ:
І дәрежелі диплом – Ковтун Семен, Ақсу қаласы.
ІІ дәрежелі диплом – Жанат Жалғас, №10 лицей.
ІІІ дәрежелі диплом – Воробьева Кристина, №33 ЖОББМ.

Гран-при №14 ЖОББМ оқушысы Баранов Станиславқа бұйырды.

Қатысушылармен көрермендер санының барлығы – 330 адамды құрады.

Түсініктемелер қосу