Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12856381
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1215
9603
35054
12623686
174834
375712
12856381

Сіздің IP: 18.188.44.223
Уақыт: 2024-04-25 06:52:57

«Мир. Искусство и Море» атты халықаралық балалар мен жасөспірімдердің фестивалі өткізілді

2014.06.20 01 Международный детско-юношеский фестиваль-конкурс «Мир. Искусство и Море»

2014 жылдың 6-19 маусымы аралығында Болгарияның Варна қаласында «Мир. Искусство и Море» атты халықаралық балалар мен жасөспірімдердің фестивалі өткізілді. Оған Қазақстан, Украина, Молдова, Беларуссия, Болгария секілді қалалардан барлығы 200-ге жуық сайыскерлер қатысты.

Біздің Қазақстанды Павлодар қаласы облыстық Оқушылар сарайының «Дебют» авторлық студиясының тәрбиешілері танытты. Жетекшісі Қазақстан композиторлары кеңесінің мүшесі Эльвира Лютровник, аккомпаниатор – Динара Капарова.

«Дебют» авторлық студиясының «Баурсак» кіші тобы «Доктор Ай» және «Баурсак» атты авторлық әндерді орындап І орын алды. Студияның солисті Ромась Екатерина да «Песенка про папу» деген және «Привет фестиваль» атты авторлық әнді орындап І орынды иеленді. «Привет, фестиваль» әні фестивальдің ашылуында орындалды. «Дебют» авторлық студиясының жетекшісі Э.Лютровник та үздік авторлық ән номинациясында І орынмен марапатталды. 

2014.06.20 02 Международный детско-юношеский фестиваль-конкурс «Мир. Искусство и Море»

Біз «Дебют» авторлық студиясының ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, шығармашылық табыстар мен жеңістер тілейміз.

Сіздерді «Дебют» авторлық студиясы ұжымымен кездесуге шақырамыз. Бұл кездесуде балалармен өздеріңіз сұхбаттасып, олардың жеңісі және фестиваль туралы пікірлерін тыңдай аласыздар.

Түсініктемелер қосу