Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12808906
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6083
5749
28978
12574557
127359
375712
12808906

Сіздің IP: 3.145.166.7
Уақыт: 2024-04-19 19:22:47

«Жасыл шырша, шамдарынды жақ, жарқылда!»

«Жасыл шырша, шамдарынды жақ, жарқылда!» «Жасыл шырша, шамдарынды жақ, жарқылда!»

29 желтоқсан күні Оқушылар сарайында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Бiз мәңгiлiк ел боламыз!» атты ертегідегідей театрға қоюға лайықталған ойын-сауық болды. Мерекелік безендірілген үлкен залдың фойесінде мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған облыстық сауықтыру орталығынан 6-дан 15 жасқа дейінгі 60-ға жуық бала жиналды.

Барлық қатысушылар жаңажылдық костюмдерін киіп, өте сүйкімді және әдемі  болып көрінді.Тартымды әуен мен жаңажылдық әндер шырқалып, көңілді клоундар,ертегідегі кейіпкерлер шыршаны айнала балалармен бірге жүрді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар да музыка әуеніне сай жүруге тырысты.  Аяз-Ата, Ақшақар, өткен жылдың белгісі - Тұлпар, Жалмауызкемпiр, Ғарышадам, Ғарышқыз, Самұрық,  Жұлдызхан, Батыр 1, Батыр 2, Жаңажыл – Қой және Қошақан қатысушыларға жақсы көңіл күй сыйлай білді. Сонымен қатар мерекеде басқа планеталықтар болды.Олар Аяз Атаның асығып жүріп жоғалтып алған сиқырлы таяғын тауып беруге көмектесті. Қойылымның әр бір бөлігінде балалар белсенді түрде қатысты.Әсіресе оларға ұнағаны қызықты ойындар мен шығармашылық сайыстар.

«Жасыл шырша, шамдарынды жақ, жарқылда!» «Жасыл шырша, шамдарынды жақ, жарқылда!»

Әдеттегідей «Жасыл шырша, шамдарынды жақ, жарқылда» деген бүлдіршіндердің үшінші сиқырлы өтінішінен кейін үлкен шырша мыңдаған түрлі-түсті отпен жарқ еткенде,қонақтарға Аяз  Ата мен Ақшақар шыққанда балалалардың қуанышы шексіз болды. Мерекелік қойылымнан кейін балалар жаңажылдық бал кейіпкерлерімен біргефотосуретке түсті, содан кейін қонақтар «Новогодние сны» атты  Оқушылар сарайының ең жақсы көркемдік ұжымдарының қатысуыменен  өтетін көнілді спектакльге шақырылды.

Түсініктемелер қосу