Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар12874231
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 14478 4587 52904 12623686 192684 375712 12874231 Сіздің IP: 18.191.108.168
Уақыт: 2024-04-26 18:08:28
|
Облыстық спартакиада басталды!
20 ақпан күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында оқушылар арасында 14-ші облыстық қысқы спартакиаданың салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ол Ұлы Отан соғысының 70-жылдығына арналып, спорттың сегіз түрі бойынша өткен болатын. Олар: президенттік көпсайыс, шаңғы жарысы, шайбамен хоккей, қысқы спорттық бағдар, оқпен ату, үстел теннисі, дойбы,шахмат. Спортакиадаға Павлодар облысының барлық қалалары мен аудандары қатысады. Шақырылған қонақтардың ішінде облысымыздың құрметті адамдары болды: Павлодар облысы білім басқармасының бастығы Бақыт Мақанқызы Бексеитова, ҚР еңбегі сіңірген бапкер Виктор Тихонович Кольев, ПМПИ-нің педагогика ғылымының кандидаты, алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесінің әдістемесі мен теориясы кафедрасының меңгерушісі Валентина Ильинична Лебедева, мәдениет және спорттың құрметті қайраткері Лев Лазаревич Акопов және тағы да басқа атақты спортшылар болды. Спорт ардагерлері ҚР-нің еңбегі сіңірген бапкері Виктор Тихонович Кольев, және Павлодар облысы күрес бойынша бірінші спорт шебері Амантай Сапаргалиұлы Айтмагамбетов қатысушыларға жаңа белестерді бағындыруда сәттілік және жеңіс тіледі. 1998 жылы Наганода өткен қысқы олимпиада ойындарының конькиден қола жүлдегері, ҚР-нің еңбегі сіңірген спорт шебері, атақты Людмила Вячеславовна Прокашева тілек сөздерін айтты. Осы күні Оқушылар сарайының ұжымдары шағын концерттерімен спортшылардың алдыңда сахнада өнер көрсетті. |