Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12646926
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1819
17782
105875
12290016
341091
367470
12646926

Сіздің IP: 44.211.117.101
Уақыт: 2024-03-29 03:51:28

«Вдохновение» бар жерде, жеңіс те бар!

Где «Вдохновение», там победа Где «Вдохновение», там победа

М.Катаев атындағы Павлодар  Оқушылар сарайының «Вдохновение» би ансамблі Ресейден төрт жоғары марапат әкелді. «Будущее планеты» балалар және жасөспірімдер шығармашылығының Халықаралық фестиваль-конкурсы  наурыздың 24-нен 29-ы аралығында Санкт-Петербург қаласында болды. Ол өте аумақты және заманауи өнердің әр-түрлі бағыттары бойынша өткізілді.

Бұнда Ресей Федерациясының 38 өңірінен ұжымдар қатысты. Біздің ұжым Қазақстанның жалғыз өкілі болды. Бұл сапарға 40 жас бишілер мен ансамблдің жетекшілері Галина Александровна Лапухина  және  Ирина Александровна Можейко аттанды.  Жоғарғы жас ерекшелік топта «Вдохновение» ансамблі  «Эстрадный танец» және  «Народный танец» номинациялары бойынша екі рет бірінші орынға иеленді.

Где «Вдохновение», там победа Где «Вдохновение», там победа

Орта  жас ерекшелік топта ансамбль  «Народный танец» және  «Народно- стилизованный танец» номинациясы бойынша екі рет екінші орынға қол жеткізді.  Қазылар алқасы біздің ұжымның «джаз-модерн» стилінде қойылған хореографиялық қойылымына ерекше баға берді.

Где «Вдохновение», там победа Где «Вдохновение», там победа

Әртістердің сахнадағы қойылымдарын хореаграфияның келесі майталмандары бағалады, олар: Мариинский театрының танымал балет әншісі Лира Хусламова; Еуропа және Ресей елдерінде жұмыс жасайтын хореограф-қоюшы Дмитрий Пимонов; Евдокия Тарасова – Ресейдің костюмдер бойынша атақты театр суретшісі. Конкурс шеңберінде олар қатысушыларға шебер-сыныптар өткізді.

Балаларға фестивальдің мәдени бағдарламасы есте қалды: олар Санкт-Петербург қаласы бойынша шолу экскурсиясында, Царское селосында, бірнеше мұражайларда, океанариумда және көптеген қызықты жерлерде болып қайтты.

Түсініктемелер қосу