Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12811169
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
804
7542
31241
12574557
129622
375712
12811169

Сіздің IP: 3.145.60.149
Уақыт: 2024-04-20 03:06:49

«Музыкальный квартал» Алматы қаласында

«Музыкальный квартал» в Алматы «Музыкальный квартал» в Алматы

М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Музыкальный квартал» вокал эстрада студиясы және оның жетекшісі Татьяна Ивановна Атлан тамаша жетістіктермен үйге оралды.

2015 жылы 24-27 наурыз аралығында Алматы қаласында «Салют Талантов» Халықаралық жобасының аясында болған, «Манящие лики гор» атты балалар – жасөспірімдер шығармашылығының I Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Осы жобаның құрылтайшысы: «Салют Талантов" СҰ (Санкт-Петербург қ, Ресей).

Бұл шығармашылық турнирде 7-ден 18 жас аралығындағы Ақтау, Шымкент, Семей, Майя селосы (Якутия), Қарағанды, Омбы, Петропавл (Ресей) және Өзбекстан және Ресей, Қазақстанның басқа қалаларынан келген қатысушылар болды.

«Музыкальный квартал» в Алматы «Музыкальный квартал» в Алматы

Бұл фестиваль вокалдық, хореаграфиялық, театр өнері және өзіндік жанр бойынша 23 номинация бойынша өтті. Балалардың сахналық қойылымдарын кәсіби қазылар алқасының құрамына Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, пианист, педагог Арита Бегеновна Байсакалова, Қазақстан Республикасының еңбегі сіңірген әртісі, эстрада әншісі, Қазақконцертінің әншісі Айжан Нұрмагамбетова, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, эстрада вокалының педагогы Фархат Асылбекұлы Ескинеев кірді.

«Музыкальный квартал» студиясының әншілері Алина Кулбаева, Дарья Иванченко және Аружан Қазбекова 7-10 жас аралығында кіші жас ерекшелік категориясында өнер көрсетті.

«Музыкальный квартал» в Алматы «Музыкальный квартал» в Алматы

Аиша Арантаева кіші жас ерекшелік категориясында (10 – 13 жас) ән орындады. Қыздар бұл сынақтан да сүрінбей өтті. Сайыстың қорытындысы гала-концертте белгілі болды. Біздің әншілер екі бірінші, екі екінші орынға ие болды.

Қазылар алқасының мүшелері Павлодар қаласының командасын ең мықты деп бағалады. Бұндай баға – балалар мен педагогтың еңбекқорлығы және талаптарының басты марапаты болып саналады.

Фестиваль шеңберінде өткен қала бойынша шолу экскурсиясында балалар Алматы қаласының көз тартарлық жерлерін, 120-жуық су бұрқақтарды тамашалап, инженерлік құрылымы жағынан ерекше сонымен қатар сейсмикалық тұрақты Вознесенский кафедралық шіркеуін, қаланың ең зәулім ғимараты-телевизиялық мұнарасын, сонымен қатар Алматының көптеген ескерткіштері мен жайлы көшелерін тамашалады.

Түсініктемелер қосу