Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20564915
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3817 16224 47266 20271055 332593 381361 20564915 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-25 07:20:50
|
«Жас екпiн», сені құттықтаймыз!
Наурыз айынын 25-28 аралығында Ұлы Отан соғысының 70-жылдығын тойлау шеңберінде Астанада «Аққөгершiн» балалар шығармашылығының IХ Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Сайысқа әртүрлі конкурстар мен фестивальдердің жеңімпаздары атанған ең үздік балалар ұжымдары мен ансамбльдері, оркестрлері және әншілері шақырылды. Конкурс келесі номинациялар бойынша өтті: вокал, ұлттық аспаптар, аспаптық орындау, хореография, балалар сәні, өзіндік жанр және көркем оқу. Осы сайысқа «Жас екпін» домбыра оркестрінің жас орындаушысы 16 жасар Дарига Рамазан қатысты. Дариға конкурсқа екі музыкалық шығарма дайындады, олар: Тәттімбеттің «Айдос» және Дина Нүрпейсованың «Науаи» деген күйлері. «Ұлттық аспаптар» номинациясы бойынша Дариға төртінші орынға иеленіп, ал оның ұстазы «Жас екпін» домбыра оркестрінің жетекшісі - Мади Батырханұлы Кенжеханов конкурс қатысушысын дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Қатысушылар үшін келесі экскурсиялар ұйымдастырылды: «Астана – Қазақстанның жүрегі», «Астана – үшінші мыңжылдықтың қаласы», «Астана Еуразия оралығының рухы», «Елдің атақты батырлары», «АЛЖИР – біздің ескерткішіміз бен қасіретіміз», «Құстар әлемінде». |














