Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12649817
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4710
17782
108766
12290016
343982
367470
12649817

Сіздің IP: 54.226.94.217
Уақыт: 2024-03-29 09:39:52

Жол көлік қозғалысы жас инспекторларының ХV облыстық слеті

XV областной слет ЮИД XV областной слет ЮИД

2015 жылғы 14 мамырда облыстық М.Катаев атындағы оқушылар сарайында жол көлік қозғалысы жас инспекторларының ХV облыстық слеті өтті. Жол  қозғалысы жас инспекторлары қызметінің негізгі міндеттері -балалар мен жасөспірімдердің арасында жол жүру ережелерін насихаттау,  жолдарда балалар жарақатын жою.

Қазіргі таңда жол көлік оқиғалар статистикасы бойынша, көбінесе, балалар жарақаттануының себебі - жол жүру ережелерініің сақталмауы немесе жүргізушінің алаңғасарлығы болып табылады.

Команда Качирского района Команда Качирского района

Слеттің облыстық кезеңіне аудандық және қалалық кезеңдер жеңімпаздары, жалпы білім беретін мектептердің жол көлігі қозғалысының жас инспекторларынан 12 жасақ қатысты. Жарыстар таңертең басталғаннан кешке дейін жалғасты. Жас инспекторлар үздік үгітбригада, жол  қозғалысы жас инспекторларының білімпаздары, сап байқауында үздік команда атағына жарысты. Командалар өз формаларын дайындады, көріністерінің шынайылылығымен көзге түсті.

Команда Железинского района Команда Железинского района

Слет қорытындылары бойынша реттеушілер, санитарлар, эрудиттер және велосипедті мәнерлеп жүргізу бойынша үздіктер анықталды. Жол полициясының қызметкері, білім беру бөлімінің маманы және жол көлік қозғалысының жас инспекторлары қатысқан «Жолдардағы қауіпсіздік үшін бірге!» конкурсы көрермендер арасында үлкен қызығушылық танытты. Качиры ауданының жол көлігі қозғалысының жас инспекторларының командасы бірінші орынға ие болды, олар Қостанай қаласында шілде айында өтетін республикалық слетте Павлодар облысы атынан шығатын болады. Ақсу қаласының командасы ІІ орында, Павлодар ауданының командасы ІІІ орында.

Түсініктемелер қосу