Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12877410
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17657
4587
56083
12623686
195863
375712
12877410

Сіздің IP: 18.119.136.235
Уақыт: 2024-04-26 21:12:33

Ең басты балалар мерекесі

Самый главный детский праздник Самый главный детский праздник

2015 жылғы 1 маусымда М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының алаңында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Достар әлемі»!» мерекелік бағдарламасы өткізілді. Оның шеңберінде дәстүрлі «Қос қуаныш» шоу-фестивалі өтті.

Бұл ерекше шеруге Павлодар қ. 7-15 жас аралығындағы 26 жұп егіз қатысты.   Балалар үй тапсырмасының нәтижесі - екі жартыдан құралған бүтін идеясын бейнелеуі тиіс өздері дайындаған ертегі кейіпкерлерінің  костюмін көрсетті. Егіздердің Сарай алаңы бойынша өткен мерекелік дефилесі,  фотосессия, ертегі кейіпкерлерінің шоуы әсерлі болды. Бұл фестивальдің соңы балалардың тілегінің белгісі болып табылатын әуе шарын  аспанға жіберумен аяқталды. Шоуға қатысушы барлық егіздер бұл күні сыйлық алды.

Самый главный детский праздник Самый главный детский праздник

Фестивальдің мақсаты: отбасылық құндылықтар мен дәстүрді нығайту, егіз балалардың жеке, сахналық қабілетін дамыту, олардың шығармашылық мүмкіндіктерін мейлінше жүзеге асыруға жағдай жасау.

Самый главный детский праздник Самый главный детский праздник

Одан басқа бұл күннің мерекелік бағдарламасында  - Оқушылар сарайының алаңында шығармашылық ойын орталықтарының жұмысы мен балаларды қызықты ойындар, түрлі қызықтар,  конкурстар, шеберлік сабақтар күтеді: «Ұлттық ойындар» конкурстық ойын бағдарламасы; «Батпырауық» ойын бағдарламасы (батпырауық ұшыру); «Формула - 1» (автомодель ойыншыларына арналған жарыс); «Спорттық ойындар»; «Көкжиек әлемінде» (асфальтқа сурет салу конкурсы); «Свободный микрофон» жас журналистерге арналған шығармашылық алаң; «Мерген»спорттық жарыстар аллеясы;  «Скаут хайк» скаут жарыстары; «Буриме әдеби турнир;  «Юный эколог» экологиялық лото және мини-зоопарк; «Арт - салон» жас суретшілер аллеясы және «Граффити-шоу», «Летний МakeUp»визажисттер алаңы; би флэшмобы (жалпы бұқаралық би). Мерекелік концертке Оқушылар сарайының үздік ұжымдары қатысты: «Свет звезды» үлгілі ән театры, «Блэйз» үлгілі эстадалық би студиясы, «Жас дәурен» вокалдық студиясы «Музыкальный квартал» эстрадалық вокал студиясы, «Вдохновение» үлгілі би ансамблі, «Дебют» авторлық студиясы,  «Нежность» хореографиялық студия,   «Арман-шоу» театр студиясы, «Анастасия» спорттық - би клубы.

Түсініктемелер қосу