Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12853685
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8122
19617
32358
12623686
172138
375712
12853685

Сіздің IP: 3.145.36.10
Уақыт: 2024-04-24 16:51:28

Сарай күні

День Дворца День Дворца

Павлодар қаласының Оқушылар сарайы балалар қауымынан бір босаған емес. Мереке күндері Сарайдың алаңы көркейіп, қуанышқа толы болады. 13 қыркүйек күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы өз достарын жаңа оқу жылына арналған салтанатты мерекеге жинады. Бұл күнгі концерт «Балалықтың таңғажайып әлемі» деп аталды. Салтанатты мереке шынымен таңғажайып еді.

День Дворца День Дворца

Оқушылар сарайының сахнасы алдымен екі шығармашылық дуэтпен жарқырай түсті. «Блэйз» эстрадалық би студиясы «Жас екпін» домбыра ансамбілінің сүйемелдеуімен қазақ биін барша жұртқа паш етті. Ал «Свет звезды» ән театрының тәрбиеленушісі, әрі «BALA Turkvisyon-Қазақстан» конкурсының финалисті Тамила Рахимбаева «Арманға сенемін» әнің орындап берді. Оқушылар сарайының директоры Алма Жұмабайқызы Ерубаева жиналған қауымды жаңа оқу жылының басталғанымен құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

День Дворца День Дворца

«Дебют» вокал студиясы, «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі, «Арман-шоу» ән-театр студиясы, «Жас дәурен» вокал студиялары келген қонақтарға ән мен күйлерін сыйлыққа тарту етті. «Анастасия» спорттық-би клубы жиналған қауымды «Джайв» атты тамаша билерімен бір дүркіретті.

Жүргізушілер Оқушылар сарайының шығармашылық студиялары мен жетекшілерін таныстырып өтті. Іс шараның ресми бөлімі аяқталған соң, жиналған қауым үйірмелердің сабақ кестесін білу үшін кабинеттерге тарасты.

Түсініктемелер қосу