Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12811174
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
809
7542
31246
12574557
129627
375712
12811174

Сіздің IP: 18.222.115.179
Уақыт: 2024-04-20 03:08:00

Қарағанды қаласында балдық би бойынша республикалық турнир өтті

В Караганде прошел республиканский турнир по бальным танцам В Караганде прошел республиканский турнир по бальным танцам

2015 жылы 17-18 қазан күндері Қарағанды қаласында «Жастар» спорт кешенінде «BOLERO CUP-2015» атты балдық биден фестиваль өтті. Бұл байқауға Ресей және Қазақстанның спорттық-балдық клубтары қатысты.

Өз өнерлерін Қарағанды, Астана, Омбы қаласының бишілері көрсетті.  Павлодар  қаласын М.Катаев атындағы оқушылар Сарайының «Анастасия» би клубы таныстырды. Оқушылар Сарайының «Анастасия» клубы барлық жас ерекшелік категориясы бойынша бірінші орындарға ие болды.

Ювеналы-1 категориясы бойынша Асанәлі Шоқпаров – Кристина Корниенконың би жұбы бірінші орынға қол жеткізді. Соло категориясы бойынша Лаурина Йеншке I орынға ие болды. Жұп болып билеуде Джахангир Мусинов және Ксения Шевченко жастар арасында ең үздік атанды.

В Караганде прошел республиканский турнир по бальным танцам В Караганде прошел республиканский турнир по бальным танцам

Ювеналы-2 категориясында Даниял Токтаров – Диана Досова I орынды иеленді. «Анастасия» клубының жеңіс қоржыны күміс жүлдемен де толықты. Соло категориясы бойынша екінші жүлделі орындарға Жәния Жексембаева, Мадина Қабдыл-Манап, Рысты Абдрахман иеленді. Екінші жүлделі орындарды Ислам Жагупаров – Мәдина Бушумбаева, Нұрсұлтан Сарбаев – Азиза Алшимбаевалардың би жұптары иеленді. Мұхаммед Шомит және Амина Орынбекова, Игорь Тюков және Наташа Жусуповалардың би жұптары республикалық турнирде III орындарға қол жеткізді.

«Спорттық - балдық бидің қазылар алқасының баға беру критерилері өте көп, олар қол саусағының қимылынан бастап, әуен мен ырғаққа дейін жалғасады» - дейді павлодарлық «Анастасия» клубының бапкері Виолетта Никитина.

«Анастасия» клубының бапкерлері Виолетта Никитина мен Анастасия Загорулькоға болашақта тәрбиеленушілері би алаңдарына шыққан кезде, тек қана жеңіспен оралып, биік белестер тілейміз.

Түсініктемелер қосу