Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Қосымша ақпарат 

Біздің қатысулар 

8008214
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1064
2288
3352
7823415
28557
206074
8008214

Сіздің IP: 44.210.21.70
Уақыт: 2022-08-09 08:21:50

Күйдің ғажайып үні

Волшебные звуки музыки Волшебные звуки музыки
Волшебные звуки музыки Волшебные звуки музыки

Облыстық білім беру басқармасы М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында домбырада шертуден екі бірдей дүркін мереке өткізді.  

2016 жылдың 11 наурызында «Халық мұрасы» домбыра ансамбілдерінің фестивалінде ең үздік домбыра ұжымдары анықталды. Бұл додаға 10-17 жас аралығындағы 78 музыканттар мен 7 домбыра ұжымдары қатысты. Бас жүлдеге М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Жас екпін» домбыра ансамбілі ие болды. Қазылар алқасы Павлодар ауданынан келген «Желдірме» домбыра ансамбілін күй орындаудағы  үйлесімділік пен келісімділікті жоғары бағалады. Бұл ансамбльге «Бал бұлақ» күйін орындағандары үшін I-ші дәрежелі диплом ұсынылды. II-ші дәрежелі дипломмен Ақсу қаласы Алғабас ауылынан келген мәдени-сауықтыру орталығының «Мұрагер» домбыра ансамбілі марапатталды. III-ші дәрежелі дипломмен Павлодар қаласы Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің «Әсем саз» домбыра ансамбілі иеленді. Фестивалдің басқа да қатысушыларына белсенділік үшін сертификаттар табысталды.

2016 жылдың 25 наурыз күні «Күй тартыс» облыстық фестивалінің финалы жеке орындаушылардың жеңімпаздарын анықтады. Бұл байқауға 18 музыкант қатысты.  Қазылар алқасы Павлодар ауданы, Балалар музыка мектебінің тәрбиеленушісі Назмутдинов Фаиздың домбырада кәсіби және шебер орындауын атап өтті. Ол «Адай» күйін орындап, бас жүлдеге қол жеткізді.  Павлодар қаласы №25 ЖОМ-нің оқушысы Тоқсанбай Арыстанға орындау ерекшелігі үшін және «Ерке сылқым» күйін шебер орындағаны үшін  I–ші орын тиесілі болды. Фестивалдің екі қатысушысына Оқушылар сарайы «Жас екпін» домбыра ансамбілінің тәрбиеленушісі  Калкенов Архат пен Құрманғазы атындағы №1 музыка мектебінің оқушысы Бакытова Айшатқа II-ші орын тиесілі болды. III–ші орын «Жас дарын» мектебінің оқушысы Ашжанова Каринаға және Шарбақты ауданы балалар музыка мектебінің тәрбиеленушісі Сайлаубаев Дастан иеленді. Белсенді қатысқаны үшін фестиваль қатысушыларына сертификаттар табысталды.  

- Аталмыш фестивалдерді жас музыканттардың бойына ұлттық ән-күйді дарытып, шығармашылыққа тәрбиелеу мақсатында өткіземіз. Күй тыңдармандарға әрқашан әсерлі болып естіледі, ал оның заманауи өңделуі – бұл дегеніміз классикалық музыкаға деген көзқарас. Менің ойымша, классика әрқашан  сән болады, - деді Оқушылар сарайы көркемөнер-қойылым бөлімінің меңгерушісі Жақсыбек  Ешимкулов.

 

Түсініктемелер қосу