Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12799350
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2276
6835
19422
12574557
117803
375712
12799350

Сіздің IP: 3.144.244.44
Уақыт: 2024-04-18 11:18:44

«Анастасия» клубының жеңістері

«Анастасия» покоряет города «Анастасия» покоряет города
«Анастасия» покоряет города «Анастасия» покоряет города

Оқушылар сарайының «Анастасия» би-спорттық клубы Астана қаласында өткен «Казахстан OPEN CUP 2016» атты халықаралық турнирден жеңіспен оралды. Бұл би сайысы Астана қаласында 26-27 наурыз күні Тәуелсіздік Сарайында өтті.

Бишілер Елорда төрінен 2 кубок,11 алтын медаль, 11 бірінші орын, 8 екінші орын және 2 үш орынды иеленіп, қоржындарына байлады. Бұл клубтың бапкері Виолетта Никитина би жарыстарынан жеткен жетістіктерімен бізбен бөлісті.

- Виолетта Александровна, сіздің би ұжымыңыз әрқашан халықаралық, республикалық, облыстық спорттық-би жарыстарына қатысып жеңістермен оралады. Сіз конкурсқа ерекше билерді дайындайсыз ба? Әлде би әлеміне қатысты сырларыңыз бар ма?  

- Спорттық балдық би өнерінде 2 бағдарлама бар.Ол дегеніміз - Еуропалық және Латиноамерикандық, олар 5 қатал би тәртібінен құралады. Әрбір биде өз мәнері бар және баланың жас ерекшеліктерін ескереді. Осыдан би бағдарламасы құралады – ең кішкентайлар 2 би билесе, ал ересектер тобы 5 би билейді, би бапкерлері ерекше би сюжетін ұйымдастырып, бұдан екі билеуші адамның ішкі жан дүниесі ашылады. Міне содан соң ғана, жүлделі орындарға қол жеткізуге болады.

«Анастасия» покоряет города «Анастасия» покоряет города
«Анастасия» покоряет города «Анастасия» покоряет города

- 2015-2016 оқу жылдарында өнерлеріңізді паш ету үшін жер шарының қай жерлеріне бардыңыздар?

- Бұл оқу жылы өте табысты басталып, жемісті жалғасын табуда. Қазан айында - Турция, қарашада – Қарағанды қаласы, желтоқсан айында – Петропавловск, қаңтарда – Астана, ақпанда – Семей, наурыз айында – Мәскеу мен Астана (Қазақстанның ашық кубогі), сәуір айында қаламызда өтетін  «Кең Дала» дәстүрлі жарысына қатысамыз деп жоспарлап отырмыз, мамыр айында – Астана қаласында өтетін «Silk Way» сайысына, ал маусым айында Болгария еліне шақыру алдық.  

- Ал наурыз айында «Би тарихы» атты турнирінде Мәскеу көрермендерін немен таңқалдырыңыз?

- Мәскеу қаласында өткен «Би тарихы - 2016» атты халықаралық сайысында Анастасия Загорулько және оның серіктесі Даниил Макаров 70 би ұжымдарының арасында (12 орынға) қол жеткізіп,  финалдың  ¼ бөлігіне жетті. Бұл өте үлкен жетістік. Анастасия мен Даниил жұптасып екінші жыл ғана би билейді.  Латиноамерикан билері арасында  «Ересектер» категориясында Қазақстанның Чемпиондары атанды.

- Өз тәрбиелеушілеріңізді  сайыстарға дайындаумен қатар, сіз турнирлерде қазылар алқасы боласыз. Қазылар алқасы ретінде бағалаудың арнайы критерилері бар ма?

- Иә, мен тек қана бапкер емеспін сонымен қатар, халықаралық санаттағы төрешімін. Әрине, критерилер бар. Төрешінің ең бірінші критериі – музыкалық, екіншісі – пішіннің түзу болуы, үшінші – аяқтың дұрыс қойылуы, сонымен қатар – бірізділік пен жұппен билеуде техниканың дұрыс жасалуы.

- Фестиваль мен сайыстарға қатысу сіздерге жеңістен басқа несімен қызық?

- Әрбір конкурсқа қатысу біз үшін – қызықты адамдармен кездесу, би саласында жүрген әріптестермен тіл табысу.

- Қызықты сұхбатыңыз үшін рахмет. Сіздерге  шығармашылық табыс, биік белестер тілейміз.

 

Түсініктемелер қосу