Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12648134
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3027
17782
107083
12290016
342299
367470
12648134

Сіздің IP: 3.89.56.228
Уақыт: 2024-03-29 06:21:21

Пингвиндер би билейді!

«Пингвины» могут зажигать! «Пингвины» могут зажигать!
«Пингвины» могут зажигать! «Пингвины» могут зажигать!

Оқушылар сарайының «Splash» би студиясы Астана қаласында өткен «Казахстан OPENCUP 2016»  халықаралық турнирінде «Заманауи би» номинациясы бойынша жеңіспен оралды. Жас бишілер бұл сайыста «Пингвиндер» биін көрсетті.

Айта кетсек, 2015 жылдың желтоқсан айында бұл биді балалар Президент шыршасында қойған болатын. Еліміздің басты шыршасына қатысқысы келген талай бидің ішінен, осы би таңдалып алынды. Астана қаласында өткен сайыста, бұл керемет әрі әсерлі би, дүйім жұртты таң қалдырды. Жеңімпаз ұжымның балалары 9-11 жас аралығында болса да, бидің күрделілігі әрі қойылымның қозғалыстары өте қиын болды.  Пингвиндерге халықаралық деңгейінде өткізіліп отрыған бұл сайыс қоржындарына тағы да бір мәрте жеңіс әкелді.

- Біз аталмыш сайыстың ережесін оқығанда, ұйымдастырушылардың басты мақсаты талантты, әрі дарынды ұжымдарды табу делінген болатын, бұл біз туралы ғой деп,- ойладық,- деді «Splash» заманауи би студиясының жетекшісі Ирина Можейко. Өтінішті жіберіп, жиналдық та жолға шықтық. Елордада барлық қабілеттерімізді көрсетіп, тырысып бақтық.

Жергілікті БАҚ-да би ұжымын жетістіктерін бей-жай қалдырмай, жеңістерін  жоғары бағалап, Қазақстан-Павлодар телеканалында «Ертіс таңы» бағдарламасына шақырды. Кішкентай жұлдыздар павлодарлық телекөрермен алдыңда сахыналық образдарымен шықты. Ал қазір, «Splash» заманауи би студиясы 22 сәуір күні сағат 18.00- де өтетін есеп беру концертіне дайындалу үстіңде. Әрине жиналған қауым концертте барлық билердің ішінен, жас би студиясына халықаралық атақты әкелген «Пингвиндер» биін тамашалай алады.

 

Түсініктемелер қосу