Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12814278
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3913
7542
34350
12574557
132731
375712
12814278

Сіздің IP: 18.222.115.120
Уақыт: 2024-04-20 14:36:22

Сыңғырла домбыра, сыңғырла!

Играй свой кюй, домбра, играй! Играй свой кюй, домбра, играй!
Играй свой кюй, домбра, играй! Играй свой кюй, домбра, играй!

26 сәуір күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында  қосымша білім беру педагогтары мен балалар домбыра ұжымдарына арналған облыстық оқыту семинары өткізілді. Семинар қатысушылары күй жанры арқылы оқушылардың ұлттық мәдениетін дамуын талқыға салды.

Сөз сөйлегендер арасында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының музыка теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, мәдениеттану магистранты Жанар Сағитова, Оқушылар сарайының «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілінің жетекшісі Алтын Кенжиханова болды. Сондай - ақ, өз баяндамасымен Ақсу қаласы, Алғабас ауылының мәдени-демалыс орталығының музыкалық жетекшісі, «Мұрагер» қазақ ұлттық ансамбілінің жетекшісі Гульжан Кайырбекова болды.

Павлодар қаласының №1 Балалар музыкалық мектебінің оқытушысы, «Павлодар облысы қосымша білім берудің ең үздік педагогы» облыстық конкурсының жеңімпазы Эльвира Кощук этносольфеджио сабақтарында музыка-ритмикалық ойлаудың  қалыптасуы пайдалану туралы айтып берді.

«Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілінің жетекшілері және аккомпаниаторлары Мади Кенжеханов пен Қуаныш Райымбеков өз ансамбльдерінің 13 тәрбиеленушілерінің қатысуымен  оркестрде қосымша құралдар пайдалану бойынша шебер-сынып өткізді. Павлодар қаласынан аталмыш семинарда 22 педагог қатысып, оның 9-ы домбыра ансамбльдердің жетекшілері еді. Павлодар қаласында барлығы 15 домбыра ұжымдары бар екен. Семинар соныңда 43 қатысушы сертификаттармен марапатталды.

Педагогтар домбыра оркестрінің ұжымдарына арналған республикалық семинарлардың қатысушысы болуға тілектерін білдірді.

 

Түсініктемелер қосу