Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12812727
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2362
7542
32799
12574557
131180
375712
12812727

Сіздің IP: 13.59.36.203
Уақыт: 2024-04-20 08:42:26

«Балалар әлемі» мектепалды лагері жұмысын бастады

Пришкольный лагерь «Балалар әлемі» начал свою работу Пришкольный лагерь «Балалар әлемі» начал свою работу
Пришкольный лагерь «Балалар әлемі» начал свою работу Пришкольный лагерь «Балалар әлемі» начал свою работу

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2 маусымнан бастап «Балалар әлемі» балалар мектепалды лагері жұмысын бастады. Лагерь жұмысы әр түрлі шығармашылық алаңдарды қамтитын төрт станциядан тұрды.

Пришкольный лагерь «Балалар әлемі» начал свою работу Пришкольный лагерь «Балалар әлемі» начал свою работу
Пришкольный лагерь «Балалар әлемі» начал свою работу Пришкольный лагерь «Балалар әлемі» начал свою работу

«Әдемі-ай» станциясы «Қолданбалы өнер», «Таңғажайып пленер», «Палитра» және «Сыр сандық» деп аталатын төрт шығармашылық алаңдардан тұрды. «Техноград» станциясында «Балалар баспасөз орталығы» және «Тележурналистика» алаңдарында балалар журналистикамен танысып, «Құрастырушы», «Шебершілер» алаңдарында шеберлікке үйренді. «Арт-әлемі» станциясы «Жаз ырғақтары», «Теремок», «Саз керуен» атты төрт шығармашылық алаңдардан құралды.  Бұл жерде оқушылар би билеп, ән айтып, актерлік шеберлікке үйреніп, ұлттық аспаптарда ойнайды. «Алтыбақан» станциясы – ойын станциясы, бұл жерде балалар коммуникативтік, спорттық және ұлттық ойындар ойнап,квест ойындардан өтті. Бұл жерде «Достық», «Толағай», «Ойын алаңы» және «Бәйге» шығармашылық алаңдары бар.

2 маусым, лагердің бірінші жұмыс күні Оқушылар сарайына қала мектептерінен 774 оқушы қадам басты. Шығармашылық алаңдарда 351 бала және «Тамаша көңіл-күйдің мерекесі» атты ойын-сайыс бағдарламасында 385 оқушы болды. «Жарық жұлдыз» және  «Ақбұлақ» экскурсиялық-танымдық бағдарламасында «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» және «Пионерлер қатарынан ЖасҰланға дейін» атты мұражайларында 38 бала болып, тамашалады.

3 маусым күні Оқушылар сарайында қала мектептерінен 404 оқушы болды. Шығармашылық алаңдарда 348 оқушы және Оқушылар сарайының мұражайында 56 бала болып қайтты.

Биылғы жылы ең алғаш рет мемлекеттік тілде жұмыс жасайтын станциялар пайда болды. Бірінші жұмыс күні №37 ЖОМ-нен 93 оқушы және №22 ЖОМ-нен 44 оқушы қатысты.

Лагердің бірінші жұмыс аптасында,  2-3 маусым күндерімен қоса, қала мектептерінен 1178 оқушы  болды.

Түсініктемелер қосу