Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18026685
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4327 17957 33626 17739482 138123 340041 18026685 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2025-06-11 03:24:31
|
Республикалық Құрылтайдың қатысушылары Оқушылар сарайының мүмкіндіктеріне таң қалды
19 тамыз күні Оқушылар сарайында аймақтық «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның атқарушы хатшыларының қатысумен Республикалық Құрылтай өтті. Делегация қатысушыларына Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова танымдық экскурсия жүргізді. Қонақтар Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» және «Пионерлер қатарынан – Жас Ұланға дейін» атты мұражайларында болып, экологиялық зертханасының үй жануарларын бақылап, Тұңғыш Президенттің кабинетімен танысып, әдістемелік кітапханада болып қайтты. Атқарушы хатшылар Оқушылар сарайының обсерваториясы мен планетариін тамашалап, «Луч» шығармашылық бірлесігінде болды. Балалардың бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің әдіскерлері өз тәжірибелерінің келесі жұмыс бағыттарымен бөлісті: олар, патриоттық, журналисттік, құқықтық, бітімгерлік, туристтік. Сонымен қатар Павлодарлық «Жас Ұлан» штабы өзінің тың жұмыстарымен бөлісті. Қатысушылар Құрылтай барысында бірегей медиа-форум өткізу туралы ұсыныс білдірді. Жуық арада осы бағыт бойынша жұмыс басталады.
|