Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12646064
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
957
17782
105013
12290016
340229
367470
12646064

Сіздің IP: 54.208.238.160
Уақыт: 2024-03-29 01:49:50

Павлодарлық Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері 167 жүлдеді орындарға ие болды

Воспитанники Павлодарского Дворца школьников  заняли 167 призовых мест Воспитанники Павлодарского Дворца школьников заняли 167 призовых мест
Воспитанники Павлодарского Дворца школьников  заняли 167 призовых мест Воспитанники Павлодарского Дворца школьников заняли 167 призовых мест

2015-2016 оқу жылының қорытындысы бойынша М. М. Катаев  атындағы Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева бұл көрсеткіштерді жария етті.  Биылғы  жылдың педагогикалық кеңесіңде Алма Жумабайқызы өткен маусымның қортындысын шығарып, жаңа оқу жылының басымдықтарын белгіледі. Педагогикалық кеңестің тақырыбы – М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында қосымша білім беру жағдайында  «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қалыптастыру».

Алма Жумабайқызының пайымдауынша 2015-2016 оқу жылы Оқушылар сарайы үшін өнімді болды: демек, 19 облыстық және қалалық жобалар, жоғарғы оқу орындарымен, қосымша білім беру мекемелерімен және қоғамдық ұйымдармен және БАҚ-мен тығыз қарым-қатынаста болды. Оқушылар сарайы шығармашылық бірлестіктерінің тәрбиеленушілері 46 халықаралық және республикалық конкурстардан 167 жүлделі орындарға ие болды, оның ішінде 114 халықаралық және 35 республикалық жүлделер еді.  Бұл жетістіктердің барлығы  жыларалық  «Шабыт-2016»  атты жинаққа енгізіледі.

Оқушылар сарайының өткен оқу жылында 30 облыстық бағдарламалар дайындалып, өткізілді. Облыс және қала мектеп оқушылары үшін 80 бұқаралық іс-шаралардың  келесі түрлері өткізілді: олар, концерттер, зияткерлік бағдарламалар, көрмелер, конкурстар, акциялар, фестивальдер, флешмобтар, экскурсиялар, ертеңгіліктер. Бұқаралық  іс-шараларға  жалпы қамту 45000 астам адамды құрады. Оқушылар сарайының басшысы 2012 жылы Оқушылар сарайының негізінде құрылған «Жас Ұлан» балалар қозғаласының тәрбиелік функциясын жоғары атап өтті.

Воспитанники Павлодарского Дворца школьников  заняли 167 призовых мест Воспитанники Павлодарского Дворца школьников заняли 167 призовых мест
Воспитанники Павлодарского Дворца школьников  заняли 167 призовых мест Воспитанники Павлодарского Дворца школьников заняли 167 призовых мест

2013-2016 жыл аралығында Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерінің саны 3318 ден 3996 –ға дейін өсіп, ал үйірмелер мен студиялар саны 276 оқушыдан 376 оқушыға  дейін өсті. Бұл дегеніміз М. М. Катаев  атындағы Оқушылар сарайының білім берудегі қызмет көрсетуінің аса қажеттілігінің айқын дәлелі.   

- Бізге білім беру кеңістігінің жаңа түрін қалыптастыруды бастау қажет. Бұл жұмысты қосымша білім берудің  жалпы және көпбағдарлы салаларын үйлестіру арқылы жасау керек, - деді Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева. Демек, Оқушылар сарайы алдағы уақытта қаламыз бен облысымыздың мектеп, колледждер және жоғарғы оқу орындарымен тығыз қарым қатынаста болады.

Алма Жумабайқызы Павлодар облысының Білім беру басқармасының атынан кітапханашы Татьяна Сувороваға Құрмет грамотасын табыстап, өткен оқу жылында еңбектерінде жоғарғы жетістіктерге жеткен Сарайдың кейбір педагогтарын ақшалай сыйлықтармен ынталандырды. Әдіскер Вера Шакиримоваға ерекше алғысын білдірді. Вера Саттарқызы ағымдағы жылы Павлодар облысы балалар қозғалысының жылнамасы аталатын, «Пионериядан  «Жас Ұланға дейін» атты кітабын жарыққа шығарды.  

Педагогикалық кеңестің соныңда психолог Айжан Оразбаева әрбір бөлімге  Оқушылар сарайы түлегінің модельін жасауға ұсыныс білдірді. Педагогтар ақ қағаз бетіне түсірген түлектің бойына патриотизм, шығармашылық ой, тілді еркін білу, шығармашыл, кәсібилік және еңбекке деген махаббатын толық көрсетті. Бойында осындай қасиеттері бар студия түлектері ересек еңбек жолына әбден дайын.  

Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтарын қалыптастыру» бағытын іске асыру болды.

Түсініктемелер қосу