Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12644589
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17264
29268
103538
12290016
338754
367470
12644589

Сіздің IP: 54.160.243.44
Уақыт: 2024-03-28 23:00:02

«Адамдар көңілсіз жүрмесін»

2016.10.01 03

Ұстаздар күні қарсаңында біз Оқушылар сарайының басты педагогы, қайрымды адам, дана әрі көреген басшы, сүкімді әйел заты Алма Жұмабайқызымен сұхбаттасқан едік.

Алма Жұмабайқызы, ұстаздар мерекесі – ұстаз өміріңде қысқа үзіліс секілді, күнтізбелік жоспарлар мен сынып жорналдарын қайтадан қолға алмас бұрын біраз демалуға болады. Бүгінгі біздің сұхбатымызда қызықты үзіліс секілді болсын!

Алма Жұмабайқызы Оқушылар сарайында педагогтар қандай?
- Оқушылар сарайының педагогтары көрнекті, шығармашыл әрі «ересек балалар» секілді. Өйткені олар өзінің жасаған еңбектері үшін бала тәрізді шын қуанып, армандап, өз еңбектері үшін баға алғанды қалайды.  

Егер оқушылардың қолдарынан бір нәрсе келмей жатса мектеп ұстазы мен қосымша білім беру ұстазы не істер еді?   
- Егерде бір оқушыда істеген жұмысы келіспей жатса, онда қосымша білім беру мұғалімінің оқушыға көмектесу мүмкіндігі өте зор. Баланың асқақ арманың орындау ол да біздің ұстаздардың қолынан келетін іс. Ал мектеп мұғалімдері бұндай мүмкіндіктерге ие бола алмайды, мектеп қабырғасында тек қана баға қоюмен болады....

Оқушылар сарайының ұстазына өзімен бірге жұмысқа не әкелуге болады?
- Өзімен бірге шығармашылық ой және тамаша көңіл күй әкелу керек.

Ал жұмыстан нені алып кетуге болады?
- Алып кетуге? (ойланып қалды). Бала күлкісімен шығармашылық табысты әкетуге болады.

Ұстаздың табысты болуын қалай бағалауға болады?
- Табысты ұстаз дегеніміз – бұл баланың махабатына бөленген, оқушының арманың орындаған жан.

Сіз қандай болжамдарға сенесіз?
- Кейбіреулеріне сенемін …    

Павлодар облысының қосымша білім беру саласын болашақта қалай елестетесіз?
- Павлодар облысының қосымша білім беру саласы – бұл инновацияларды іске асыру, сапалы білім беру, ғылыми-техникалық шығармашылық ойдың жетістігі.

Ұстаздарға кәсіби мерекесі қарсаңында қандай тілек тілемер едіңіз?
- Шығармашылық ойдың тоқтамауын, көңілсіз жүрмеуін тілер едім.

 

Түсініктемелер қосу