Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12641173
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13848
29268
100122
12290016
335338
367470
12641173

Сіздің IP: 54.226.226.30
Уақыт: 2024-03-28 18:04:48

Оқушылар сарайының педагогтары шектеусіз мүмкіндіктер сабақтарын өткізді

Уроки безграничных возможностей провели педагоги Дворца школьников Уроки безграничных возможностей провели педагоги Дворца школьников
Уроки безграничных возможностей провели педагоги Дворца школьников Уроки безграничных возможностей провели педагоги Дворца школьников

М.М.Катаев атындағы Павлодарлық Оқушылар сарайында аса білім беруді қажет ететін балалар үшін  «Жүрегіміз мейірімділікке ашық» атты мерекелік концерт өтті. Аталмыш іс-шараны Балалар бейбітшілік орталығы мен Оқушылар сарайының «Paradise» шығармашылық студиясы, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арнап «Шектеусіз мүмкіндіктер – Безграничные возможности» атты онкүндік шеңберінде өткізді. 

- Ағымдағы жылы Қазақстанда мүгедектер күні 10 қазан күні аталып өтеді, сондықтан біз бұл күнді ерекше атап отырмыз, - деді Балалар бейбітшілік орталығының жетекшісі Самал Сүлейменова. – Біз «Мен сенің досыңмын және сен менің досымсың» атты тренинг, «Смайлик» атты флэш-моб өткіздік. Сонымен қоса біз сиқырлы бояулармен сурет салып, Оқушылар сарайының хайуанаттар бағына бардық.

Мерекеге келген Сарай қонақтары бұл күні ертегі кейіпкерлері мен кездесіп, сайқымазақпен ойнап, Оқушылар сарайының әртістері дайындаған мерекелік концертті тамашалады. «Жүрегіміз мейірімділікке ашық» атты мерекелік концерттің әр қатысушысы «Шектеусіз мүмкіндіктер мектебін» өткені үшін сертификаттарға ие болып,сонымен қатар тәтті сыйлықтар алды. Концерттік бағдарламада 95 адам болды: оның 65-і балалар және 35 ересек адамдар болды.

Балалар бейбітшілік орталығы осындай мерекелерді бірінші рет өткізіп отырған жоқ. Мысалы, өткен жылы Орталық осындай ерекше балалар үшн  «Минута славы» таланттар шоуын ұйымдастырды.

Оқушылар сарайының «Paradise» шығармашылық студиясы осы оқу жылында қыркүйек айынан бастап жұмысын бастады. Студия жетекшісі Темирлан Аскаусов өз студиясында оқушыларға, қоғам алдыңда сөз сөйлеуге, сахынада жүргізуші болуға үйретіп, шешендік жіне актерлік шеберлікке баулып, оқушылардың шығармашылық  дарындылықтарын ашуға көмектеседі. Темірлан Қуанышұлының тәрбиеленушілері - аса білім беруді қажет ететін балалар.

 

Түсініктемелер қосу