Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12643954
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
16629
29268
102903
12290016
338119
367470
12643954

Сіздің IP: 3.91.19.28
Уақыт: 2024-03-28 21:51:03

Республикалық біліктілікті көтеру курстары

Слушатели республиканских курсов учатся развивать творческие способности детей Слушатели республиканских курсов учатся развивать творческие способности детей
Слушатели республиканских курсов учатся развивать творческие способности детей Слушатели республиканских курсов учатся развивать творческие способности детей

2016 жылдың 25-29 қазан аралығында М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының негізінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының бастамасымен біліктілікті көтеру курсы өткізіледі. Курс тақырыбы – «Қосымша білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту». Қосымша білім беру жүйесінде оқушылардың әлеуметтік-тұлғалық дамуы (әскери-патриоттық, балалар қоғамдық қозғалысы)».

Курс тыңдаушылары 28 адамды құрады. Оның ішінде жалпы білім беретін мектептердің аға тәлімгерлері, спорттық аула клубтарының шығармашылық жетекшілері, Павлодар, Екібастұз, Ақсу, Рудный, Павлодар облысы, Жамбыл облысынан келген қосымша білім беру мекемелерінің педагогтары болды.

Курс тыңдаушыларына бағдарламаға сәйкес білікті мамандар дайындаған лекциялар, баяндамалар, шебер-сыныптар өткізілді. Лекторлық құрамда С.Торайғыров атыңдағы Павлодар мемлекеттік университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Жастар бастамасын қолдау орталығы, «Жігер» балалар жасөспірімдер клубы, М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының қызметкерлері болды.

27 қазан күні Оқушылар сарайында курс тыңдаушыларына арналған мерекелік концерт өтті. Көрермендер Сарайдың би және вокалдық студия оқушыларының жетекшілерінің шығармашылық қабілеттерін тамашалай алды.

Курс бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға Павлодар қаласы № 36 ЭБЖОБМ, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында, Жастар бастамасын қолдау орталығында, «Сәлем» аула клубында бірқатар лекциялар қарастырылған. 28 қазан күні «Өрлеу» біліктілікті көтеру Ұлттық орталығының филиалында орналасқан Павлодар облысының білім мұражайына экскурсия өткізіледі.

Курстың соныңда қатысушыларға Республикалық қосымша білім орталығының сертификаттары табысталады.

Түсініктемелер қосу