Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12639415
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12090
29268
98364
12290016
333580
367470
12639415

Сіздің IP: 44.210.107.64
Уақыт: 2024-03-28 13:58:20

Медиакафеден бастап «Твой мир- Сенің әлемің» газетінің мерейтойын тойлауға дейін

От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир» От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир»
От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир» От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир»

Дәмі бұрқырап тұрған «дәмді жаңалықтар», тәтті сәлемдер мен жемістен жасалған мәтіндер. Осындай ас мәзірін қала мектептерінің аға тәлімгерлері үшін «Сенің әлемің - Твой мир» газетінің редакторлары Асем Аипова және Варвара Даирбаева әзірледі. М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 6 қаңтар күні 225 кабинетте «Медиакафе» форматында кездесу өтті.

От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир» От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир»
От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир» От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир»

Медиакафе қонақтары болып аға тәлімгерлер, балалар баспасөз орталықтарының жетекшілері, Павлодар қала мектептерінің газет редакторлары болды.  Ұйымдастырушылар келген қонақтарға мәтінді газетке қалай  дұрыс жазу керектігін туралы сөз қозғады. Варвара Александровна мәтіндік материалдарда кездесетін қателерге көңіл бөлді. Асем Сериковна газетке жазылу туралы, келісім-шартқа отырудың қыр-сырына тоқталды. Қатысушылар бір сәтке газет редакторлары мен корректорлары болып, практикалық тапсырмаларды орындады. Кездесудің қожайындары мен қонақтары дастархан басында шай ішіп, іс-шараның қорытындысын жасап, алдағы газет нөмірін талқылады. «Сенің әлемің - Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газетінің жазылымшылары және оқырмандарымен жұмыс үнемі қарқынды түрде жүргізіліп отырады.  Қыркүйек айында отызға жуық қала мектептерінің қатысуымен газетке жазылу компаниясы басталып кетті.

От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир» От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир»
От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир» От медиакафе до празднования юбилея газеты «Твой мир»

Қазан айында «Сенің әлемің - Твой мир» газеті Казпочта ұйымдастырып өткізетін «Жазылымшылар күні» атты жыларалық облыстық жазылу компаниясының қатысушысы болды. «ИГРик» журналистика студиясы және  «Қаламгер» баспасөз орталығының тәрбиеленушілері келген қонақтарға газет пен тәтті сыйлықтар таратты. Журналистика студиясының және  баспасөз орталығының тәрбиеленушілері  - «Сенің әлемің - Твой мир» газетінің мақалалар  авторлары күз айында өздерінің іскер серіктестері Баспа үйінде экскурсияда болып қайтты. Балалар типографияның құрал-жабдықтарын көріп, газет, кітап, буклеттер мен маңдайшалардың қалай жасалатының біліп қайтты.  

VIII-ші облыстық балалар мен жасөспірімдердің Құрылтайында  жасөспірімдердің назарын  балалар баспасына  қалай аударту мәселесін талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізілді. «Сенің әлемің - Твой мир» газетінің белсенді авторлары мен редакторлары, жергілікті БАҚ-ның журналисттері, облыстық және қалалық мектептердің көшбасшылары жасөспірімдер үшін газет қандай болу керектігін талқылады.

«Школа-пресс-2016» ең үздік мектеп газеті облыстық шығармашылық конкурсы  «Сенің әлемің - Твой мир» газетінің редакциясының басшылығымен 2016 жылы қазан айында іске қосылған еді. Аталмыш конкурс «Юниор-экспресс» ұзақ мерзімді жобасы шеңберінде өткізіліп отыр. Павлодар облысыдағы ең үздік мектеп газеті облыстық балалар-жасөспірімдер газетінің 10-жылдық мерейтойында  анықталады.

Түсініктемелер қосу