Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Қосымша ақпарат 

Біздің қатысулар 

8303316
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4018
6133
13871
8102831
149735
173924
8303316

Сіздің IP: 44.210.237.158
Уақыт: 2022-09-28 11:42:54

«Юниор-экспресс» ұзақ мерзімдік жобасы аясындағы ең алғаш байқау аяқталды

Завершился первый конкурс в рамках долгосрочного проекта «Юниор-экспресс» Завершился первый конкурс в рамках долгосрочного проекта «Юниор-экспресс»
Завершился первый конкурс в рамках долгосрочного проекта «Юниор-экспресс» Завершился первый конкурс в рамках долгосрочного проекта «Юниор-экспресс»

20 қаңтар күні  «Школа пресс-2016» атты ең үздік мектеп газеті облыстық шығармашылық конкурсының қазылар алқасы қортындысын шығарды. Облыс әкішілігінің  баспасөз қызметінің тілшісі Асқар Ғазизов, «Баспа үйі» ЖШС-нің дизайнері Айнур Кайсаринова, Қазақстан журналисттер Одағының мүшесі Айгуль Молдаш ең әдемі, шығармашыл, ақпараттық  газеттерді таңдап алды. Қазылар алқасының бірауыздан шешімі бойынша Павлодар қаласы №11 мектебінің «Школьный экспресс» атты газеті ең үздік болып танылды. Барлық қазылар мүшесі бұл газеттің мазмұнын, техникалық сапасын жоғары бағалады. Екінші орын Ақсу қаласы лицейінің «Лицеист» газетіне бұйырды. Павлодар қаласы Б.Момышұлы атты №22 мектебінің «Асыл Мұра» газеті үшінші орынға қол жеткізді.

«Ауыл мектебінің ең үздік газеті» номинациясында екі газет жеңімпаз атанды. Бірінші орын дипломдарын Павлодар ауданы Пресновская және Мичурин мектебінің «ВШколе» және «Мектеп тынысы» атты газеттері алатын болады.

Ақсу қаласы, Алғабас ауыл округінің, Жолқұдық ауылының Қ.Камзин атындағы «Мектеп жаршысы» атты газеті екінші орынға қол жеткізді. Осы номинацияда Лебяжі ауданы Черное ауылы Потанин атындағы мектебінің «Мектеп әлемі» газетінің тілшілері үшінші орынға иеленді. «Үздік редакция» номинациясында үш жеңімпаз анықталды. Бірінші орын Железин ауданы балалар өнер мектебінің редакциясына, екінші орын Павлодар ауданы Чернорецк №2 ЖОМ-не, үшінші орын Успен ауданы №2 ЖОМ-не бұйырды. Сонымен қатар қазылар алқасы келесі тоғыз номинация бойынша газеттерді бағалады: «Мемлекеттік тілдегіең үздік газет», «Ең көңілді газет», «Жаңалыққа толы газет» және т.б. Конкурсқа қатысып, жүлделі орынға қол жеткізбеген, номинацияларда аталмаған қатысушылар конкурсқа белсенді қатысқан үшін дипломдарымен марапатталады.

Аталмыш конкурс 2016 жылдың 31 қазан айынан бастап 2017 жылдың 17 қаңтарына дейін М.М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің басшылығымен өткізілді. Ұйымдастырушылар – «Твой мир» облыстық балалар-жасөспірімдер газетінің редакторлары Асем Аипова мен Варвара Даирбаева. Бұл конкурсқа Павлодар облысынан 32 мектеп газеті қатысты. Олар: павлодарлық №№32,25,11,9,36 мектептерінен, Ақсу қаласының №№2,4 мектебінен, Ақсу мектеп-лицейінен жұмыстар бар еді. Шығармашылық конкурсқа Павлодар ауданы,Успен, Қашыр, Шарбақты, Баянауыл, Железин, Май және Лебяжі аудандарынан өтініштер қабылданды. Салтанатты түрде марапаттау М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 9 ақпан күні өтеді.

Итоги конкурса школа пресс - 2016

Түсініктемелер қосу