Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12645026
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17701
29268
103975
12290016
339191
367470
12645026

Сіздің IP: 54.167.52.238
Уақыт: 2024-03-28 23:52:01

Оқушылар сарайында «Профи-TAIM» жобасы іске асырылуда

Оқушылар сарайында «Профи-TAIM» жобасы іске асырылуда Оқушылар сарайында «Профи-TAIM» жобасы іске асырылуда
Оқушылар сарайында «Профи-TAIM» жобасы іске асырылуда Оқушылар сарайында «Профи-TAIM» жобасы іске асырылуда

2017 жылдың 31 наурызында М.М.Катаев атындағы  Облыстық Оқушылар сарайы балалар бұқаралық қозғалысын дамыту бөлімінің бастамасымен Б.Ахметов атындағы Павлодарлық педагогикалық колледжіне жоғарғы сынып оқушылары үшін экскурссия өткізілді. Бұл эксскурсия облыстық «Профи-TAIM» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған болатын.

Білім ордасындағы көптеген мамандықтар жайлы, ұстаздар ұжымы, студенттердің қызықты өмірі туралы колледждің оқу-өндірістік іс-тәжірибесі бойынша директордың  орынбасары  Замзагуль Нурпеисова  болашақ мектеп түлектеріне баяндап берді.

Облыстық «Профи-TAIM» жобасы шеңберінде аталмыш экскурссияға Успен, Қашыр, Павлодар ауданы және Павлодар қаласының №17,22,40 жалпы орта білім беру мектептерінен 9-10 сынып оқушылары арасынан 30-ға жуық адам қатысты.   

- Оқу жылы ішінде Облыстық «Профи-TAIM» жобасы шеңберінде ЖОО-на мектеп оқушылары үшін қызықты экскурссиялар ұйымдастырып отырамыз. Павлодар облысы бойынша жүзге жуық оқушылар С.Торайғыров атындағы ПМУ-не барып, болашақта Павлодар Мұнайгаз колледжіне бару жоспарланып отыр» - дейді, жоба ұйымдасытрушысы Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева.

Эксскурсияның соныңда сұхбат алаңында оқушылар колледждегі тегін мамандықтар туралы, студенттерге тиісті жатақхана жайлы көп мәліметтер алды, білім ордасының мұражайын тамашалады.   

Облыстық «Профи-TAIM» жобасы мектеп оқушылары үшін пікір-талас сағаттарын, қызықты эксскурсияларды ұйымдастырады. Ал сәуір айының 25-күні  «Үздік үгіт бригадасы» атты болашақ мамандыққа байланысты облыс колледждері арасында байқау өткізіледі. «Профи-TAIM» жобасы  жоғарғы сынып оқушыларына болашақта мамандық таңдауға үлкен септігін тигізеді.

Түсініктемелер қосу