Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24063814
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 10739 20419 10739 23729737 375357 579883 24063814 Сіздің IP: 216.73.216.153
Уақыт: 2026-09-21 12:13:50
|
Омбудсмендер үшін құқық бойынша сабақтар өткізілді
2017 жылдың 5 мамыр күні Оқушылар сарайында облыстық мектеп омбудсмендері үшін «Омбудсмен күні» өткізілді. Заң білгірлер күніне Баянауыл ауданының Ш. Айманов атындағы ЖОББ-интернаты және С. Торайғыров атындағы ЖОББМ, Павлодар ауданының Ямышев, № 2 ЧЖОББМ, Шарбақты ауданының Назаровка ЖОББМ, Қашыр ауданының Байқоныс және А.Н. Елгина атындағы № 1 ЖОББМ, Лебяжі ауданының Жамбыл, Абай, Потанин ЖОББМ, Павлодар қаласының № 6, 13, 14, 15, 17, 25, 26, 35, 37, 40, Жетекші ЖОББМ омбудсмендері қатысып, заң және құқыққа байланысты білімдерін толықтырды. Оқушылар сарайының әдіскері Динара Жаканова омбудсмендерге «Біз және заң» құқықтық білім беру бойынша ойын ұйымдастырды. Оқушылар алты бекеттен құралған қызықты ойынның тапсырмаларына жауап беріп, заң бойынша білімдерін нығайтты. Балаларға құқық жайлы әртүрлі сұрақтар, тапсырмалар берілді. Жалпы сабаққа 35 оқушы, 10 педагог қатысты. - Бұл сабақтар арқылы оқушылар өздерінің азаматтық көзқарастарын, құқықтық және рухани мәдениетін қалыптастырады және құқықтық сауаттылықтарын дамытады, - деп тұжырымдады Оқушылар сарайының әдіскері Динара Жаканова. Омбудсмендер күні Оқушылар сарайында 2017 жылдың қаңтар айынан бастап өткізіліп келе жатыр. |














