Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19911706
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11626 10487 32860 19628472 60745 494996 19911706 Сіздің IP: 216.73.216.23
Уақыт: 2025-11-05 20:04:02
|
Сочи қаласында жеңіске жеткен «Жас даурен»
Ағымдағы жылдың 20 маусымынан 27 маусым аралығында М.М.Катаев атындағы «Жас даурен» вокал студиясы Ресей еліндегі Сочи қаласында өткізіліп отырған «Черноморский Олимп» XI Халықаралық фестиваль-байқауына барып бірнеше дүркін жеңімпаз атанып келді. «Жас дауреннің» тәрбиеленушілері әншілік өнерін ортаға салып келесі жүлделі орындарға қол жеткізді.
Орта жас ерекшелік санатында эстрадалық вокал номинациясында Дариға Акимова II дәрежелі лауреат атанса, аталмыш номинация бойынша Айжан Жұмабаева III дәрежелі лауреат атанды. Сонымен қатар осындай номинация бойынша Айдана Кульбаева мен Ділнәз Найман III дәрежелі лауреат дипломына қол жеткізді. Ал «Жана әуен» дуэтінің қыздары Дариға Акимова мен Айжан Жұмабаева эстрадалық вокал номинациясында III дәрежелі лауреаттар атанды. Ал кіші жас ерекшелік санатында эстрадалық вокал номинациясында Асия Иманбекова мен Дильназ Мукушевалар III орынға жайғасты. Ал жас әнші Дияра Нуркина кіші жас ерекшелік санатында эстрадалық вокал номинациясында I-ші дәрежелі дипломант иегері атанды. «Жас даурен» вокал студиясының жетекшісі Баршагүл Ногаева «Черноморский Олимп» XI Халықаралық фестиваль-байқауының ұйымдастырушылары атынан тәрбиеленушілерін байқауға үздік дайындаған үшін, педагогикалық шеберлігі мен ынтасы үшін алғыс хатпен марапатталып, студияның аккомпаниаторы Татьяна Черниковаға байқау атынан диплом ұсынылды. Аталмыш ән байқауы Мәскеу мәдени мемлекеттік институтының қолдауымен өткізіліп отыр. |














