Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22383010
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2891 10902 96504 22049749 206777 328164 22383010 Сіздің IP: 216.73.217.93
Уақыт: 2026-05-17 06:41:23
|
"Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасы Оқушылар сарайының алғашқы педагогикалық кеңесіңде талқыланды
М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында 2017 жылдың 11 қыркүйек күні «Жаңғырту жағдайында жалпы білім беретін мектептердің қосымша білім беру жүйесін дамытудың негізгі стратегиялық бағыттары» атты педагогикалық кеңес өтті.
Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева білім ордасының нәтижесімен, тәрбиеленушілердің жетістіктерімен бөлісті. Оқушылар сарайының бөлім меңгерушілері, қосымша білім беру педагогтары, әдіскерлері педагогикалық кеңесте сөз сөйлеп, "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" Республикалық бағдарламаны талқыға салды. Аталмыш бағдарлама бойынша алдағы оқу жылына әр-түрлі жобалар, сайыстар, акциялар жоспарланып, «Тратуарная астрономия» атты іс-шара жоспарланды. 2016-2017 оқу жылының нәтижесі бойынша Білім басқарамасы атынан Г.Баубекова, М.Билая, А.Бекбулатовалар алғыс хаттармен марапатталып, «Балдаурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы атынан Оқуышлар сарайының «Alem Star» педагогикалық отряды алғыс хатпен марапатталды. |














