Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19224916
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3375 11806 78870 18906466 247911 400573 19224916 Сіздің IP: 216.73.216.97
Уақыт: 2025-09-20 06:52:42
|
Республикалық телеканал Оқушылар сарайында қонақта болды
2017 жылдың 19 қыркүйегінде «Хабар 24» республикалық телеканалының эфирінде М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайындағы «Тіл бізді жақындатады - Язык сближает нас» атты кітапхана көрмесі туралы жаңалық сюжеті көрсетілді.
Бұл көрме Қазақстан Халықтарының Тілдер күніңе орай ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шара Оқушылар сарайында «Рухани жанғыру» бағдарламасы шеңберінде «Отаным – тағдырым» патриоттық бағыты бойынша өткізілген болатын. Көрмеге - оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен педагогтары, павлодар мектептерінің оқушылары қатысты. «Хабар 24» телеканалы жаңалықтар сюжетін түсірген күні Павлодар қаласының №№27, 42, 6 мектептерінің оқушылары болды. №6 мектептің оқушылары өздерінің сынып жетекшілері Наталья Борилюкпен келген еді. Оқушылар сарайының кітапханашысы Татьяна Суворова оқушыларға Қазақстан Халықтар тілдері күнінің тарихы жайлы, қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі кітаптар туралы баяндап берді. |