Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12859995
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
242
4587
38668
12623686
178448
375712
12859995

Сіздің IP: 3.138.116.20
Уақыт: 2024-04-26 00:42:22

Жас тілшілер газетке жазылу компаниясын ұйымдастырды

Жас тілшілер газетке жазылу компаниясын ұйымдастырды Жас тілшілер газетке жазылу компаниясын ұйымдастырды
Жас тілшілер газетке жазылу компаниясын ұйымдастырды Жас тілшілер газетке жазылу компаниясын ұйымдастырды

2017 жылдың 6 қазан күні Павлодар қаласында «Газетке жазылу күні» өтті. Бұл дәстүрге айналған іс-шараға М.М.Катаев атындағы Оқушылар срайының «Қаламгер» баспасөз орталығының және «Игрик» журналистика студиясының тілшілері белсене қатысты.

Аталмыш мерекені ұйымдастырып отырған «Қазпошта» АҚ Павлодар облыстық филиалы еді. Қазіргі таңда Павлодар облысының аумағында пошталық қызметті «Қазпошта» АҚ атқара отыра, облыстың кез-келген пошта бөлімшесінде зейнетақыдан басқа, атаулы әлеуметтік жәрдемді, жалақыны алуға, коммуналдық, салық және басқа төлемдерді жүзеге асыруға, ақша айырбастау операцияларын орындауға, агенттік қызметтер (тұтынушылық несиелер беру) алуға, газет пен журналдарға жазылым рәсімдеуге мүмкіндік бар.

«Сенің әлемің-Твой мир» балалар мен жасөспірімдерге арналған газеті осыдан 10 жылдан астам «Қазпошта» АҚ-мен жұмыс атқарып, өз оқырмандарын облыс көлемінде қуантып келеді. Газетінің жазылымшылары және оқырмандарымен жұмыс үнемі қарқынды түрде жүргізіліп отырады. Қыркүйек айында отызға жуық қала мектептерінің қатысуымен газетке жазылу компаниясы басталып кетті.

Міне, бүгін де «Сенің әлемің - Твой мир» газеті Казпочта ұйымдастырып өткізетін «Газетке жазылу күні» атты жыларалық облыстық жазылу компаниясының қатысушысы болып отыр. «ИГРик» журналистика студиясы және «Қаламгер» баспасөз орталығының тәрбиеленушілері келген қонақтарға газет пен тәтті сыйлықтар таратып, ал «Луч» шығармашылық бірлестігі «Сснің әлемің» газетіне арналған арнайы бейнебаян түсіріп, қала тұрғындарын бір қуантты.

 

Түсініктемелер қосу