Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12651604
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6497
17782
110553
12290016
345769
367470
12651604

Сіздің IP: 18.207.163.25
Уақыт: 2024-03-29 13:10:34

Достардың кездесуі

Встреча друзей Встреча друзей
Встреча друзей Встреча друзей

М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының педагогтары 11 қазан күні Қашыр ауданының «ЖасҰлан» балалар-жасөспірімдер көшбасшыларына қонаққа келді. Кездесу Қашыр ауданының №2 ЖОМ-де өткен болатын.

Встреча друзей Встреча друзей
Встреча друзей Встреча друзей

Қашыр ауданының көшбасшылары өз жұмыстарымен, жетістіктерімен бөлісті. Ал Оқушылар сарайының педагогтары болса әр бағытқа сай шеберлік-сабақтар дайындап әкелді. Жас тілшілер «Игрик» журналистика студиясының жетекшісі Варвара Даирбаевадан мектеп баспасөз қызметі туралы кең ақпар алды. Шығармашылық шеберханасының қатысушылары «мектеп редакциясын» жасап, әлеуметтік сауалнаманы шебер жүргізді.

«АдалҰрпақ» клубының жетекшілері мен мектеп омбудсмендері үшін құқықтық бағыттары бойынша кеңес порталы жүргізілді. Бұл жұмысты Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева басқарды.

Ауданның аға тәлімгерлік және мектеп комитетінің ұланбасылардың жұмысын бір жүйеге келтіру үшін Павлодар облысы бойынша біріңғай балалар-жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы Оксана Петрович білім порталының жұмысын ұйымдастырды. Сонымен қатар Оқушылар сарайының әдіскері Бауыржан Сейталиев тимбилдинг өткізді. Оқушылар топты құруға байланысты ойындар ойнап өздерінің ұйымдастырушылық қабілеттерін дамытты. Жас еріктілер №40 ЖОМ-тің аға тәлімгері Надежды Маракинаның басшылығымен кіші-үгітбригадасын құрды. Ал өлкетанушылар болса Оқушылар сарайының әдіскері Айгерым Оразбаеваның көмегімен өздерінің кіші Отанына арналған «мозайка» ойының ойнады. «Блэйз» би студиясының хореографы Анжелика Булич дайындаған шеберлік-сыныпта заманауи биден оқушылар тәлім алып, өз өнерлерін ортаға салды. Қашыр өңірінің көшбасшылары талантты жастар екендіктерін дәлелдеп шықты.

Бұл күнгі шығармашылық шеберханаларда Қашыр ауданы балалар-жасөспірімдер ұйымдарынан 190-ға жуық көшбасшылар және педагогтар қатысты.

Түсініктемелер қосу