Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23411791
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1471 20616 1471 23122973 303217 322822 23411791 Сіздің IP: 216.73.217.112
Уақыт: 2026-08-17 01:39:04
|
Оқушыларға арналған қоғамдық қабылдау өтті
Оқушылар сарайында 2017 жылдың 12 желтоқсан күні Павлодар қаласының мектеп оқушылары үшін «Еліктеуге – жол жоқ» атты тақырыпта балалар қоғамдық қабылдауы өткізілді. Аталмыш іс-шарада Павлодар қаласының оқушылары үшін тақырыпқа сай практикалық тренинг, жаттығулар, рефлекция өткізілді. Павлодар қаласы дағдарыс орталығының психологы Елена Глотова жасөспірімдермен ойын түрінде сабақ жүргізді. Бұл күні оқушылар жасөспірімдік кезеңнің сыр-қырларын түсініп, оқушылардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері және кемшіліктерді талқыға салды. Жасөспірімдердің үйлесімді дамуына ықпал ететін қорғаныш факторларын анықтады. Сонымен қатар оқушылардың мектепте қиындық туған кезде, одан шығудың жолдарын, отбасыдағы жақсы қарым-қатынас, өзара түсіністің дамуы туралы тілге тиек етіп, күнделікті күн тәртібін дұрыс жоспарлаудың жолын іздеді. Аталмыш шарада Павлодар қаласының №14,17,28 ЖОББМ-нен 43 оқушы, 3 педагог қатысты. |














