Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20516277
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11622 12893 88980 20170934 283955 381361 20516277 Сіздің IP: 216.73.216.209
Уақыт: 2025-12-21 21:39:30
|
Табысқа жетудің кілті – шығармашылық
Оқушылар сарайында 6-7 ақпан күні «Балалар мен жасөспірімдердің қосымша білім берудегі ең үздік авторлық бағдарламасы» атты облыстық жобалардың бірінші кезеңі өтті. Шығармашылық додаға павлодарлық №№ 9, 19, 22 мектептердің қосымша білім беру педагогтары, Павлодар қаласының №126 балабақшаның тәрбиеленушілері, «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының студия жетекшілері және М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы мен Экология мен туризм орталығының педагогтары қатысты. Облыстық білім беру мекемелері атынан – Успен ауданы Таволжан мектебінің педагогтары, Қашыр ауданының Оқушылар үйі, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының және балалар шығармашылық үйінің педагогтары қатысты. Сараптамалық кеңестің шешімі бойынша конкурстың екінші кезеңінде өз шеберліктерін сегіз педагог қорғайтын болады. Шығармашылық байқаудың екінші кезеңіне Павлодар қаласы № 126 сәбилер бақшасының педагогтары Шакенова Гульжихан Умутоллавна және Совцова Жанна Валерьевна, Қашыр ауданы Оқушылар үйінің қосымша білім беру педагогы Дикова Наталья Анатольевна, экология мен туризм орталығының педагогы Зяблицева Олеся Леонидовна, павлодарлық №9 және №19 мектептердің ұстаздары Моцепуро Наталья Михайловна мен Серикбаев Алмас Сансызбайұлы, «Жігер» клубының педагогы Сулейменова Гульмира Бекетовна, Оқушылар сарайы әдеби-шығармашылық студиясының жетекшісі Ешимкулов Жаксыбек Махаматкулович өткен болатын. Бұл конкурстың мақсаты білім беру бағдарламаларын жетілдіру, шығармашылық мұғалімдерді анықтауға жағдай жасау, балалар мен жасөспірімдерге қосымша білім беру мазмұнын жаңарту үшін үздік педагогикалық идеяларды іздеу және тарату. Жобаның екінші кезеңі Оқушылар сарайында 1-ші наурыз күні өтеді. Бұл күні финалисттер конкурстық жұмыстарын қорғайтын болады. |














