Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18562689
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6582 4464 16009 18324797 293570 380557 18562689 Сіздің IP: 216.73.216.113
Уақыт: 2025-07-30 23:48:03
|
Кітапхана жұмысындағы жаңашылдық
22 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Оқушылар мен педагогтерге қітапханалық-ақпараттық қызмет көрсету. Кітапхананың құжатын рәсімдеу» бойынша мектеп кітапханашыларының облыстық оқыту семинары өтті. «Өрлеу» біліктілікті көтеру институтының кітапхана меңгерушісі Марина Воротникова педагогтарды ақпараттандыру жұмыс бағытының жаңашылдығына тоқталды. С.Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың көрме және мәдени бағдарламалар бөлімінің жетекшісі Марал Таженованың баяндамасынан семинар қатысушылары оқырмандармен жұмыстың заманауи формаларымен танысты. Екібастұз қаласы №18 жалпы білім беру кітапханасының меңгерушісі Салтанат Тасбулатова мектеп кітапханасының құжаттарын рәсімдеуіне көп көңіл бөлді. Оқушылар сарайының кітапханашысы Татьяна Суворова «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған «Оқырман халық» атты республикалық акциясын өткізу және ұйымдастыру бойынша мектеп кітапханашыларына кеңестер ұсынды. Семинар жұмысына Ақтоғай, Баянауыл, Железин, Ертіс, Лебяжі, Май, Павлодар ауданы, Шарбақты ауданы, Ақсу және Павлодар қаласынан 43 кітапханашы қатысты. |