Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12651134
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6027
17782
110083
12290016
345299
367470
12651134

Сіздің IP: 3.85.9.208
Уақыт: 2024-03-29 12:11:25

«Тарихқа жүрекпен ұмтылу...» атты облыстық жобасының қортындысы анықталды

Подведены итоги областного проекта «К истории прикоснувшись…» Подведены итоги областного проекта «К истории прикоснувшись…»
Подведены итоги областного проекта «К истории прикоснувшись…» Подведены итоги областного проекта «К истории прикоснувшись…»

2018 жылдың 1 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында  «Тарихқа жүрекпен ұмтылу...» атты облыстық жобасының финалдық кезеңі өтті. Конкурс қатысушылары Павлодар облысынан шыққан ҰОС ардагерлері жайлы бейне роликтер жасады. Өз бейнероликтерін жасау барысында балалар мұражай және отбасылық мұрағаттарды зерттеп, ҰОС –на арналған шығармаларды тауып, ардагерлермен кездесіп, олардың естеліктерін таспаға жазып алды.

Конкурсқа 43 жұмыс жіберілді, оның ішінде 15 жұмыс фиалға шықты. Олар: Ақсу, Павлодар қалаларынан және Баянауыл, Қашыр, Лебяжі аудандарынан қатысушылар болды.

Жоба қортындысы бойынша бірінші орынды Ақсу қаласының № 8 мектебі, екінші орынды – Лебяжі ЖОМ, үшінші орынды Павлодар қаласының №9 мектеп гимназиясы иеленді.

Ақсу қаласының Шүлембаев атындағы мектебі, Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектебі, Қашыр ауданы Трофимовка мектебі, №9 ЖОМГ-ның оқушысы Яковлев Никита, № 13 ЖОМ-нің оқушысы Файрузова Карина байқаудың лауреаттары атанды.

Байқаудың қазылар алқасы Г.Н.Потанин атындағы тарих - өлкетану мұражайының бас маманы Жумартова Алия Зарлыковна, Г.Н.Потанин атындағы тарих - өлкетану мұражайының жетекшісі Тыштыков Рустам Нажмиденович, Павлодар қаласының №41 ЖОМ-нің тарих пәнінің ұстазы Туртугулова Гуляим Сагантаевна бұл байқауға қатысушылар өте жақсы дайындалып, өз материалдарын ұсынған кезде үлкен шығармашылықтарын атап өтті.

- Біздің өскелең ұрпақ, өздерінің тарихына, ата-бабаларымен, Ұлы отан соғысы туралы барлық жүректерімен ұмтылып айтып отырды, бұл қуантатын жағдай, - деп өз ойымен бөлісті жобаның жетекшісі Бахыт Беккожина.

Түсініктемелер қосу