Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22773542
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4735 9147 4735 22542439 258358 338951 22773542 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-06-29 12:47:23
|
«Тілші болғым келеді» медиа форумы. Астана
8-10 қазан аралығында Астана қаласында Республикалық «Жас Ұлан" ұйымының ұйымдастыруымен «Тілші болғым келеді» жас тілшілердің республикалық медиа-форумы болды. Оған Павлодар қаласы Оқушылар сарайы «Қаламгер» үйірмесінен Өсербай Еркебұлан мен Гүлназ Құлмағанбетова және Детский пресс-центрдан Сабина Рахимбай мен Мария Шорина және Екібастұз қаласы №1 мектептен Айжан Темирбекова қатысты. Форумның негізгі іс-шараларының барлығы «Қазмедиаорталықта» өткізілді. Шебер-сыныптарды жүргізген: «Ұлан» газетінің тілшісі Қарлығаш Досанова, журналистӘбілдаева Айсәуле, тележүргізуші РахатЖақсыбай.Бұдан басқа тележүргізуші Жасын Қанбаев және Бақтияр Арынгазиновпен формалды емес кездесу жасалып, танымал тележүргізуші Мейіржан Әлібекпен пресс-конференция ұйымдастырылды. Медиа-форумның қорытындысы болған салтанатты жиында «Алтын қалам» республикалық сайысының қорытындысы шығарылды. Онда біздің делегациядан Өсербай Еркебұлан «Үздік радиобағдарлама» номинациясы бойынша, ал Мария Шорина «Үздік мақала» номинациясы бойыншажеңімпазатанып, диплом және қымбат сыйлықтармен марапатталды. |














