Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12647249
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2142
17782
106198
12290016
341414
367470
12647249

Сіздің IP: 54.166.170.195
Уақыт: 2024-03-29 04:29:33

Балалық шақтың құрметті азаматы

Почётный гражданин детства Почётный гражданин детства
Почётный гражданин детства Почётный гражданин детства

М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында жуырда ғана ашылған «Рухани жаңғыру» кабинеті туған Өлкеге деген махаббаты ояту, рухани құндылықтарды дамытып, мирас болып қалған бай мәдени мұраны сақтау орталығына айналды. Осыған орай 13 сәуір күні Оқушылар сарайының көшбасшылар форматының белсенділері бұл кабинетке жиналды.

Почётный гражданин детства Почётный гражданин детства
Почётный гражданин детства Почётный гражданин детства

Бұл жолы «Сарайдың 100 есімі» атты жобасы аясында балалар қозғалысының ардагері Шакиримова Вера Саттарқызымен кездесу өткізілді. Оқушылар сарайының «Көшбасшы» клубының тәрбиеленушілері бұл кездесуге жауапты болып, бар ынтасымен дайындалды. Олар Вера Саттарованың «Юность с нами навсегда» және «От пионерии до Жас Ұлана» атты кітаптарын бар ынтасымен оқып шықты. Бұл күнгі кездесу достық қарым-қатынаста өтті. Вера Саттаровна жұмыс жылдары туралы естеліктерді баяндап, оқушылар болса сауалдар қойды. Кездесудің бас кезінде жүргізушілердің айтуы бойынша Вера Саттаровна барлық өмірін балалар қозғалысына арнаған еді. Жұмыс өтілінің жеті жылын Павлодар қаласының №12 мектебінде аға тәлімгер болып, 70-жылдардың ең үздік аға тәлімгері болған.

Алматы қаласында өткен Республикалық тәлімгерлер слетінің делегаты болған. Әрине, бұл кездесуге келген оқушылар Вера апайдың мамандық жолы туралы сұрақтар қойып, оның аға тәлімгер ретінде бірінші жұмыс күні қалай өтті? Бұл мамандықты неге таңдап алды деген сауалдарды қойды. Балалар «Белая ночь» операциясы туралы сұрастырып, бұл акция неге сағат таңғы төрттен басталды деп сұрады. Жүргізушілер Мереке мен Милена Вера Саттаровнаның кітабынан сол кездегі тәлімгерлер мен пионерлердің естеліктері туралы үзінділер оқып берді. Бұл кездесуге келе алмаған Нариман Абильман Вера апайға аудио-сұрақ қойды. Бұл күні Вера Саттарованың оқушылары Ибраева Стелла Амангельдиевна және Голышева Марина Мельсовна тосын сый жасап, аудио-тілектер жолдады. Олар тәлімгерлік жұмыстың қыр-сырларымен бөлісіп, Вера Саттаровнаға жылы лебіздерін жолдады. Көшбасшылар болса өздерінің жетістіктері, жобалары мен оқиғалары, өздері ұйымдастырып отырған іс-шаралар туралы баяндады. Сонымен қатар олар Павлодар облысының балалар қозғалысын абыроймен жалғасытруға уәде берді.

Кездесудің соныңда балалар Вера Саттаровнамен естелікке суретке түсіп, «Балалық шақтың құрметті азаматы» атты сертификатты табыс етті. Балалар болса бұл кездесуден алған тамаша әсерлерімен бөлісіп, күш-жігері мол Вера апай туралы пікірлерін білдіріп жатты.

 

Түсініктемелер қосу