Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22384087
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3968 10902 97581 22049749 207854 328164 22384087 Сіздің IP: 216.73.217.93
Уақыт: 2026-05-17 08:59:17
|
Киелі жерлерге саяхат
Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні Оқушылар сарайында «Альтаир» клубының тәрбиеленушілері үшін «Рухани жаңғыру» кабинетінде «Киелі жерлерге саяхат» атты қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде сюжетті-рольді ойын бағдарламасы өтті. Аталмыш шараны Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің әдіскерлері Бахыт Беккожина мен Айгерым Оразбаева дайындады. Бұл ойын Павлодар Ертіс өңірінің киелі жерлерін танып, білу мақсатында ұйымдастырылды. Сюжеттік ойынның барысында кейбір оқушылар киелі жерлердің экспедиторлары болса, ал басқа оқушылар шетелден келген туристер болып, кабинеттің ішіндегі экскурсовод маманға үш тілде сұрақтарды шебер қойды. Қызықты және мазмұнды ойынға берілген оқушылар, болашақта Ертіс-Баян өңірінің киелі жерлерінің тарихымен терең танысуға, сондай-ақ туған жерінің қасиетті жерлеріне баруға ұсыныс білдірді. |














