Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12807600
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
4777
5749
27672
12574557
126053
375712
12807600

Сіздің IP: 3.147.103.8
Уақыт: 2024-04-19 14:38:16

«Менің кіші Отаным» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Менің кіші Отаным» облыстық байқауының  жеңімпаздары анықталды «Менің кіші Отаным» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды
«Менің кіші Отаным» облыстық байқауының  жеңімпаздары анықталды «Менің кіші Отаным» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды

2018 жылдың 17 мамыр күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Менің кіші Отаным» атты облыстық зияткерлік конурсының финалы өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған байқау аймағымыздың экология жылына арналған болатын. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты қазақ халқының тарихын және дәстүрін білу арқылы оқушылардың белсенді азаматық көзқарасын қалыптастыру, өлкетануға қызығушылық танытқан балалар мен жастарды қолдау.

«Менің кіші Отаным» облыстық байқауының  жеңімпаздары анықталды «Менің кіші Отаным» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды
«Менің кіші Отаным» облыстық байқауының  жеңімпаздары анықталды «Менің кіші Отаным» облыстық байқауының жеңімпаздары анықталды

«Менің кіші Отаным» іс-шарасына 10-19 жас аралығындағы Павлодар облысының жалпы орта білім беру мектептерінен 5-11 сынып оқушылары қатысты. Жас өлкетанушылар «Экологиялық-өлкетану жолсілтемелері» тақырыбында слайдтық тұсаукесер мен бейнеролик жасады. Сонымен қатар «Мен бұл өлкені сүйемін және сақтап қаламын» кіші Отанымыздың жануарлар және өсімдіктер әлемін, облыста табиғатты қорғау жағдайын білуге арналған зияткерлік сайысқа белсенді қатысып, белгілі бір табиғат белгісіне байланысты сурет салды.

10-13 жас ерекшелік санатында 1-дәрежелі дипломымен жеңімпаз атанған Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ, «ЮнЭкИ» командасы, жетекшісі Гульбаршин Калиева, 2-дәрежелі дипломымен жеңімпаз атанған Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернаты, «Атамекен» командасы, жетекшісі Айнагүл Жусупбаева, 3-дәрежелі дипломмен «Исток» командасы, Успен ауданы, Қозыкеткен ауылы, Қозыкеткен мектебі, жетекшісі Юлия Добродеева.

14-17 жас ерекшелік санатында 1-дәрежелі дипломымен жеңімпаз атанған Ақтоғай командасы, Жанабет ауылы, Нығманов атындағы ЖОМ, «Экология сақшылары» командасы, жетекшісі Ғалым Әукебай, 2-дәрежелі дипломымен жеңімпаз атанған Железин ауданы, Железин №1 ЖНОМ, «Альтаир» командасы, жетекшісі Диляра Жаркентаева, 3-дәрежелі дипломымен жеңімпаз атанған Ақтоғай ауданы, Әуелбек ауылы, К.Идрисов атындағы ЖОМ, «Жас қырандар» командасы, жетекшісі Кунсулу Сманова, Сауле Жумагулова.

Май ауданының Балалар үйі «Жас қыран» командасы қатысқан үшін дипломдармен марапатталды.

Түсініктемелер қосу