Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар19907385
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7305 10487 28539 19628472 56424 494996 19907385 Сіздің IP: 216.73.216.23
Уақыт: 2025-11-05 12:13:40
|
«Мұрагер» клубы Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды
2018 жылдың 23 сәуірден 19 мамыр аралығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында Республикалық оқыту-әдістемелік қосымша білім беру орталығы «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» республикалық интернет – байқауын өткізген болатын. М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы «Мұрагер» клубының тәрбиеленушісі Димаш Беккожин «Память бессмертна» атты номинациясы бойынша презентация жасап 1-ші дәрежелі диплом иесі атанды. Димаш «Мұрагер» клубының жетекшісі Бахыт Сағынтайқызының бастамасымен Ұлы Отан соғысы жылдарындағы хабар-ошарсыз кеткен соғыс ардагерлері туралы танымдық презентация жасады. Бахыт Сағынтайқызы оқушысы Димашпен презентация жасау барысында Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерлер-іззерттегіштер» мұражайының кейбір материалдарымен қолданып, зерттеу жұмыстарын ұйымдастырды. Бұндай жобалар оқушылардың патриоттық сана-сезімдерін қалыптасытырып, соғыс ардагерлерін құрметтеуге тәрбиелейді. Айта кетсек, Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева Білім беру ұйымдарының педагогтері арасында «Педагогикалық дебют» республикалық интернет-байқауына қатысып 3- ші жүлделі орынға ие болды. |














