Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23413157
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2837 20616 2837 23122973 304583 322822 23413157 Сіздің IP: 216.73.217.112
Уақыт: 2026-08-17 03:23:28
|
Хогвартс мектебіндегі демалыстың қызықтары
Оқушылар сарайында биылғы жаз мезгілінде «Хогвартс мектебіндегі демалыс» атты жазғы лагері жұмыс жасады. Бұл «Гари Поттердің» сиқырлы ертегі желісімен ұйымдастырылған лагерінде күні бойы балалар қызықты шеберлік-сабақтар тыңдап, үш факультет бойынша дәріс алды.
«Шығармашылық times» атты бағыты бойынша балалар креатив пен шығармашылықтың құпиясы яғни аспаздық шеберлік, вокал негіздері, би, аквагрим, сәндік-қолданбалы өнер бойынша қызықты сабақтарға қанық болды. Ал «Білім land» бағыты бойынша ағылшын тілін үйреніп, қызықты астрономия, робототехника салалары бойынша білімдерін жетілдірді. «Акпарт.fm» бағытында демалушылар журналистика, блогерлер мектебі, көшбасшылық тренингтерге қатысты. Сонымен қатар балалар күнделікті үш рет ыстық астан дәм татып, түскі тамақтан соң тынығып ұйықтады. Аталмыш лагерь 2 жұмадан, 3 маусым жұмыс жасап көпшіліктің назарынан шықты. Лагерь соныңда әр бала диплом мен Гарри Поттердің сиқырлы таяқшасына ие болды. Балалардың ата-аналары лагерь ұйымдастырушыларына көптеген жылы лебіздерін білдіріп жатты. |














