Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20190676
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3303 10764 42662 19909418 339715 494996 20190676 Сіздің IP: 216.73.216.130
Уақыт: 2025-11-28 05:50:38
|
Балалар қоғамдық қозғалысының даму перспективасы
2018 жылдың 27 қыркүйекте «Павлодар облысының білім беру кешенінде балалар қоғамдық қозғалысын дамыту перспективалары» атты облыстық семинар өтті. Үйлестірушілер, әдіскекрлер, аға тәлімгерлер 2018-2019 оқу жылына арналған облыстық штабтың жобалық және сайыстық қызметімен танысып, шығармашылық алаңдарға белсене қатысты. Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» ҚБЖҰ-ның аймақтық хатшысы Самал Сүлейменова алғы сөзбен барлық қатысушыларды қарсы алды. «Модель 3 К» атты шығармашылық алаңда семинар қатысушылары көшбасшылық, кәсіби бағдар және еріктілер бағыты бойынша тәжірибе жинады. - Семинар өте жақсы өтті. Бүгін біздің әріптестеріміз шығармашылық қабілеттерін, бизнес идеяларымен қоса, құзыреттіліктерін қалай дамыту керектігін білді, - деп өз ойымен бөлісті Самал Сүлейменова. |














