Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12645002
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17677
29268
103951
12290016
339167
367470
12645002

Сіздің IP: 34.227.191.136
Уақыт: 2024-03-28 23:50:13

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Айман Зейнуллинамен кездесу өтті

Встреча с Айман Зейнулиной в предверии праздника Независимости Встреча с Айман Зейнулиной в предверии праздника Независимости
Встреча с Айман Зейнулиной в предверии праздника Независимости Встреча с Айман Зейнулиной в предверии праздника Независимости

2018 жылдың 11 желтоқсан күні Оқушылар сарайында филология ғылымдарының кандидаты, профессор, С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қазақ тілі және журналистика кафедрасының меңгерушісі, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының қатысушысы Айман Файзоллақызы Зейнулинамен кездесу өтті.

Встреча с Айман Зейнулиной в предверии праздника Независимости Встреча с Айман Зейнулиной в предверии праздника Независимости
Встреча с Айман Зейнулиной в предверии праздника Независимости Встреча с Айман Зейнулиной в предверии праздника Независимости

Кездесуге «Жас дарын», Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары, жас тілшілер мен олардың ата-аналары қатысты. Шара басында Оқушылар сарайының «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілі «Көңіл ашар» күйін орындап, 1986 жылы желтоқсан көтерлісі туралы деректі фильмді тамашалады. Айман Файзулловна өзінің өмірбаяны, ғылыми-зерттеу жұмыстары мен оқытушылық қызметі туралы баяндап берді.

Сонымен қатар Айман апай 1986 жылы желтоқсан айында болған көтерілістің қиын-қыстау кезеңін әңгімелеп беріп, одан кейін оқушылар назарын жуырда шыққан Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына аударды. Оқушыларға ана тілін қастерлеп, қазақ елінің салт-дәстүрін жақсы біліп, өз еліне қажымай еңбек етулеріне тілек білдірді.

Ал оқушылар болса Айман Зейноллақызын бар ынталарымен тыңдап, сұрақтар қойды. Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектептің оқушылары өз қалам ұшынан шыққан Отан, Тәуелсіздік туралы кермет өлеңдер оқып, барлық оқушылардың көңілдерінен шықты.

Кездесуді «Қаламгер» баспасөз орталығы дайындап, жас тілші Бахтияр Даниялов пен жетекшілері Асем Аипова жүргізді.

Түсініктемелер қосу