Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23413997
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3677 20616 3677 23122973 305423 322822 23413997 Сіздің IP: 216.73.217.112
Уақыт: 2026-08-17 04:26:09
|
Жаңажылдық кездесу
4 қаңтар күні «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының «Ровесник» клубы үй жағдайында білім алатын 25 жеткіншек үшін көңілді шырша кешін ұйымдастырды. Қонақтарға Оқушылар сарайының педагогтары және тәрбиеленушілері театрландырылған қойылым көрсетті. Балалар заманауи мультфильм кейіпкерлері Барбоскиндар жанұясы, үш торай, және Пеппа атты тораймен кездесті. Бұл кейіпкерлер балалардың көңілінен шықты. «Жас Ұлан» облыстық ұйымының аймақтық хатшысы Самал Сүлейменованың айтуынша: - Біз, арнайы білім беру қажеттіліктерін талап ететін балалардың, тағдарына алаңдаймыз. Жаңа жылда олардың армандары орындалсын деген ниетпен, қызықты жаңа жыл ертегісін тарту еттік. «DUMAN studio» атты мерекелік агенствосына суретке түсіріп, демеушілік көмек көрсеткені үшін шынайы алғыс білдіреміз. Әрбір қатысушы жаңажылдық мерекесінен естелікке фотосуретке ие болды. |














