Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12643663
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
16338
29268
102612
12290016
337828
367470
12643663

Сіздің IP: 34.204.52.16
Уақыт: 2024-03-28 21:12:51

Оқушылар сарайында «Жыл тәлімгері» облыстық конкурсы өтті

Областной конкурс «Вожатый года» прошел во Дворце школьников Областной конкурс «Вожатый года» прошел во Дворце школьников
Областной конкурс «Вожатый года» прошел во Дворце школьников Областной конкурс «Вожатый года» прошел во Дворце школьников

17 қаңтар күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысының «Жас Ұлан» ҚБЖҰ-ның бастамасымен «Жыл тәлімгері» облыстық конкурсы өткізілді. Бұл шараның мәрелік кезеңінде облысымыздың қала және аудандарынан 13 аға тәлімгер қатысты. Конкурс 3 тур бойынша ұйымдастырылды.

Областной конкурс «Вожатый года» прошел во Дворце школьников Областной конкурс «Вожатый года» прошел во Дворце школьников
Областной конкурс «Вожатый года» прошел во Дворце школьников Областной конкурс «Вожатый года» прошел во Дворце школьников

Сайыстың "Қоғамдық бірлестікті дамыту бағдарламасын қорғау" турында тәлімгерлер өз жұмыс істейтін қоғамдық бірлестікті дамыту бағдарламасын қорғады.

"Балалар ұжымымен жұмыс" туры тәлімгерлердің шығармашылық қабілеттерін аша білуге, балалар тобында эмоционалдық және іскерлік қарым-қатынасты құруға бағытталған еді. 20-минуттік шеберлік-сыныптарда тәлімгерлер таныс емес оқушылар аудиториясымен әр түрлі жұмыстардың бағытын көрсете білді. Оқушылар тренингтер мен ойындарға бар қызығушылықтармен қатысты. Интербелсенді сабақтарда оқушылар Павлодар облысының киелі жерлеріне саяхатқа аттанды. Аса мол тәжірибесі бар тәлімгерлер аз уақыт ішінде ойын формасында Елбасымыздың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылай білді.

Үлкен залдың сахына төрінде тәлімгерлер өздерін шығармашылық жағынан көрсете білді. Олар ән шырқап, өлең оқып, би билеп, флеш-мобтар өткізді. Мысалы, қатысушы Айнагуль Жусупбаева сахынада өзінің кішкентай ұл және қыз баласымен өнер көрсетті. Ұлы домбырада күй шертсе, қызы анасымен қосылып ән шырқады.

"Үздік жас тәлімгер" номинациясы бойынша (18-30 жас аралығында) Баянауыл ауданы Шәкен Айманов атындағы мектептің аға тәлімгері Айнагуль Жусупбаева бірінші орынды жеңіп алды.

Екінші орынды Баянауыл ауданы С.М.Торайғыров атындағы мектептің тәлімгері Айтолкын Сайлау және Ақсу қаласы М.Кабылбеков атындағы мектептен Куляш Сарманова бөліп алды. Үшінші орынды Павлодар қаласы №35 мектептің тәлімгері Айдана Медет және Екібастұз қаласы №17 мектептен Ботагоз Сагымбек иеленді.

"Баға жетпес тәжірибе" номинациясы бойынша бес жылдан кем емес балалар қоғамдық бірлестігімен жұмыс өтілі немесе тәжірибесі бар тәлімгерлер (жасы шектеусіз) ең үздік болып Май ауданы Қазан мектебінен Гульмира Серикбаева танылды. Екінші орында Аққулы ауданы Тлектес мектебінен Анар Азимбаева болды. Үшінші орынды Теренкөл ауданы Байқоныс мектебінен Марины Калимулина жеңіп алды.

Гульмира Серикбаеваның айтуы бойынша:

- Конкурс жоғары дәрежеде өтті. Мен тәлімгер болып 7 жыл жұмыс жасаймын, және өзімнің жұмысымды қатты жақсы көремін. Аға тәлімгер болу үшін жан-жақты дамыған адам болып, білімінді жетілдіріп отырып, балаларды жақсы көру керек. 

- Өкінішке орай, тәлімгерлер үшін кәсіби конкурстар көптен бері өткізілген жоқ. Біз бұл дәстүрді қайта жаңғыртқымыз келді. Біздің тәлімгерлердің бөлісетін тәжірибелері өте мол. Тәлімгер – биік тұлға! – дейді, Павлодар облысы бойынша «Жас Ұлан» ҚБЖҰ аймақтық хатшысы Самал Сулейменова.

Түсініктемелер қосу