Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12852301
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6738
19617
30974
12623686
170754
375712
12852301

Сіздің IP: 52.15.63.145
Уақыт: 2024-04-24 11:39:38

Оқушылар сарайында Алексей Лодочниковпен кездесу өтті

Встреча с Алексеем Лодочниковым прошла во Дворце школьников Встреча с Алексеем Лодочниковым прошла во Дворце школьников
Встреча с Алексеем Лодочниковым прошла во Дворце школьников Встреча с Алексеем Лодочниковым прошла во Дворце школьников

31 қаңтар күні Оқушылар сарайында жастар жылы аясында жас домбырашы, әнші «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Алексеем Лодочниковпен кездесу өтті. Алексей өзінің балалық шағы мен шығармашылық жолын айтып берді. Қазіргі таңда Алексей музыкалық колледжінің «Домбырада дәстүрлі ән айту» бөлімінде оқиды. Ол облыстық және республикалық музыкалық конкурстарға қатысып жүлделі орындарға ие болып жүр. Оз оқу орынында оқып жүріп Алексей «Жас Отан» ЖҚ басшысы болып тағайындалды. 2014 жылы Алексей алғаш рет Елбасының алдыңда өнер  көрсетті.

Кездесуге Оқушылар сарайының «Жас екпін» домбыра ансамбілі, жасұландықтар, Құрманғазы атындағы №1 музыкалық мектебінің оқушылары қатысты. Алексеймен жақын танысу үшін кездесудің қатысушылары оның жеке фото-бейне мұрағатынан алынған материалдарды қарады. Балалар Алексейге көп сұрақтар қойды. Олар оның шығармашылығы, алдағы жоспарлары жайлы, Жастар жылының ашылуына байланысты өткен форум туралы сұрастырды. Алексей барлық сұрақтарға жауап беріп, өзінің сүйікті «Қазақ осы» деген әнің шырқап берді. «Жас екпін» ансамбілінің тәрбиеленушілері «Ерке сылқым» күйін орындады.

Встреча с Алексеем Лодочниковым прошла во Дворце школьников Встреча с Алексеем Лодочниковым прошла во Дворце школьников
Встреча с Алексеем Лодочниковым прошла во Дворце школьников Встреча с Алексеем Лодочниковым прошла во Дворце школьников

Алексей мемлекеттік тілді жетік меңгерген, кездесу барысында оқушылармен қазақ тілінде сөйледі. Кездесуді «Қаламгер» баспасөз орталығының тәрбиеленушілері және олардың жетекшілері Асем Аипова ұйымдастырып, жүргізді.

- Маған жастармен кездескен ұнайды. Бүгінгі оқушылармен өткен кездесу маған аса қызық болып тұр, өйткені Оқушылар сарайынан талай талантты түлектер ұшып шыққан, - деп өз ойымен бөлісті Алексей Лодочников.

Түсініктемелер қосу