Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20467767
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12079 13093 40470 20170934 235445 381361 20467767 Сіздің IP: 216.73.216.15
Уақыт: 2025-12-17 21:36:36
|
«Сенің әлемің - Твой мир» электрондық газетінің тұсау кесері өтті
31 қаңтар күні облыстық Оқушылар сарайында «Сенің әлемің - Твой мир» газетінің редакциясы аға тәлімгерлер мен мектеп баспасөз орталығының жетекшілері үшін лездеме өткізді. Газетпен белсенді ынтымақтасытығы үшін белсенді авторлар мен қала мектептері марапатталды. Газет редакторы газетке келетін хаттар мен материалдарға тоқталып өтті. Лездемеде газеттің айдарлары мен келесі нөмірдің тақырыбы туралы сөз қозғалды. Кезесуде «Сенің әлемің - Твой мир» газетінің электрондық нұсқасының тұсауы кесілді. «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру жағдайында, оқырмандарға газет оқудың қолжетімді болуы үшін 2019 жылдың қаңтар айынан бастап газет электрондық форматта шығады. Газетті әр айдың соңында Оқушылар сарайының http://dshk.kz/ ресми сайтынан жүктеп алуға болады. «Қазпочта» АҚ барлық бөлімшелерінен газетке жазылуға болады. Газеттің индексі - 67333. |














