Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18026886
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 4528 17957 33827 17739482 138324 340041 18026886 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2025-06-11 03:30:31
|
Оқушылар сарайында әнші Ринат Малцаговпен кездесу өтті
15 ақпан күні Оқушылар сарайында Жастар жылы аясында Қазақстан эстрадасының жұлдызы, Ринат Малцаговпен кездесу өтті. Аталмыш шараға Оқушылар сарайының «Луч» шығармашылық бірлестігі мен Павлодар қаласының №2 ЖОМ-нің оқушылары қатысты. Кездесу барысында Ринат оқушыларға өзінің балалық шағы мен шығармашылық жолы, сахына өнерінің қызықтары мен қиындықтарын баяндап берді. Ринатпен жақын танысу үшін кездесудің қатысушылары оның жеке фото-бейне мұрағатынан алынған материалдарды қарады. Балалар Ринатқа көп сұрақтар қойып, әсіресе оларға әншінің қазіргі таңдағы шығармашылық жолы қатты қызықтырды. Жастар жылының ашылуына байланысты сұрақтар болды. Ринат кездесуде Шәмші Қалдаяқовтың «Арыс жағасында» әнің тамаша орындап берді. «Superstar KZ» жобасының жұлдызы, әнші Ринат Малцаговтың жетістіктері өте көп. Ол Павлодар қаласында өткен өткен «Хрустальный звон» ән байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Айта кетсек, Ринат Оқушылар сарайында «Свет звезды» үлгілі ән театрында Елена Валькодан дәріс алып, вокалмен айналысқан. Кездесуді Оқушылар сарайының әдіскері Гүлзада Танжанова ұйымдастырған болатын. |