Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16935891
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9645 14950 24595 16679962 282336 334233 16935891 Сіздің IP: 18.97.14.80
Уақыт: 2025-03-18 22:04:33
|
Ең үздік қосымша білім беру ұйымы анықталды
2019 жылдың 19 наурыз күні М.М.Катаев атындағы Павлодар Облыстық Оқушылар сарайында «Ең үздік қосымша білім беру ұйымы» атты облыстық конкурсының финалы өтті. Аталмыш сайыс Павлодар облысының Білім Басқармасының қолдауымен қосымша білім беру ұйымдарының озық педагогикалық тәжірибесін анықтау және тарату мақсатымен М.М.Катаев атындағы Павлодар Облыстық Оқушылар сарайы өткізген болатын.
Сайысқа өңірімізден 9 қосымша білім беру ұйымдары қатысып, ақтық мәреге 4 ұйым өткен болатын. Байқаудың қазылар алқасы оқу және білім беру нәтижелерінің жоғары сапасына, ұйымды дамыту бағдарламасын жүзеге асырудың өнімділігіне, қосымша білім берудің сапасына, өңірдегі білім беру ұйымдары үшін материалдардың практикалық маңыздылығына баға берді. Екібастұз қаласының «Қайнар» білім беру және бос уақытты қамту кешені бас жүлдеге қол жеткізіп, ең үздік ұйым болып танылды. 1-ші дәрежелі дипломмен Ертіс балалар өнер мектебі, 2-ші дәрежелі дипломмен Павлодар қаласының балалар – жасөспірімдер экология және туризм орталығы, 3-ші дәрежелі дипломмен Шарбақты ауданының «Радуга» мектептен тыс орталығы марапатталды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтарға ие болды. |