Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12860917
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1164
4587
39590
12623686
179370
375712
12860917

Сіздің IP: 3.141.202.54
Уақыт: 2024-04-26 04:00:37

Оқушылар сарайының жас тілшілері академик Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың 120 жылдық мерейтойын атап өтті

Юнкоры Дворца школьников отметили  120-летие академика  Каныша Имантаевича Сатпаева Юнкоры Дворца школьников отметили 120-летие академика Каныша Имантаевича Сатпаева
Юнкоры Дворца школьников отметили  120-летие академика  Каныша Имантаевича Сатпаева Юнкоры Дворца школьников отметили 120-летие академика Каныша Имантаевича Сатпаева

2019 жылдың 11 сәуір күні Оқушылар сарайында қазақ халқының тұңғыш академигі Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың 120 жылдық мерейтойына орай «Тұғыры биік тау тұлға» атты мерекелік іс-шара өтті.
Кездесуді «Қаламгер» баспасөз орталығының жас тілшілері мен жетекшілері Асем Аипова ұйымдастырып өткізген болатын. Мерекеге Павлодар қаласының № 2 ЖОМ оқушылары мен олардың ата-аналары қатысты.

Іс-шараның құрметті қонағы ақын, домбырашы, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері – Балтабай Сыздықов және Қазақстан Республикасының журналистер одағының мүшесі, «ERTIS» телеканалының ардагері – Шолпан Байғалы болды.

Шолпан апай балаларға Қаныш Сатбаевтың балалық шағында суды, географияны жақсы көріп, түрлі түсті тастарды көп жинағанын айтып берді. Шолпан Байғалы жас тілшілерге көп кітап оқуға кеңес беріп, ақын өзінің «Менің тәтті тағдырым», «Қызылтаң – алтын бесігім» атты кітаптарын сыйға берді.

Атырау қаласында өткен «Батаменен ел көгерер» атты республикалық байқауының жеңімпазы Балтабай аға өскелең ұрпаққа берген ақ батасында өзінің туған тілін қастерлеп, салт-дәстүрін ұлықтап, Отаның сүйюге шақырды.

Жас тілшілер қонақтарға қоғам қайраткері, Қазақстан геология ғылым институтының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлының өмірі мен еңбектері туралы баяндады. Академик туралы қызықты фильм тамашалап, қонақтарға сұрақтар қойып, тұңғыш академиктің есімі берілген еліміздің көрнекті жерлерімен танысты.

Іс-шараға дайындалу барысында жас тілшілер Баянауыл ауданындағы Қаныш Сатбаев атындағы мемориалдық мұражаймен байланысты. Олар мұражай қызметкерлеріне бейнесұрақтар жіберіп, мерекеде өздерінің бейнесұрақтарының жауаптарын тамашалады.

Айта кетсек, 2019 жылдың 12 сәуір күні кеңес металлургия ғылымының негізін қалаушылардың бірі, Ұлутау-Жезқазған мыс кенін ашқан, Қазақстан Ғылым Академиясының негізін қалаушы Қаныш Имантайұлы Сатбаевтың туғанына 120 жыл толады.

- Бүгін оқушылар академиктің өмірі мен шығармашылығын, оның құнды еңбектерімен танысты. Ол өз халқының шынайы ұлы, жоғары білімді, зиялы адам болған, - деді Асем Аипова.

Түсініктемелер қосу