Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

24269310
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3416
33818
86731
23896833
53230
527623
24269310

Сіздің IP: 216.73.217.60
Уақыт: 2026-10-03 01:53:43

Археологиялық пайдалы қазбалар оқушылардың қолында

Археологические находки в руках школьников Археологические находки в руках школьников
Археологические находки в руках школьников Археологические находки в руках школьников

«Рухани Жаңғыру» кабинетінде 15 мамыр күні Қазақстанның танымал  археологы, «Алтын адамды» ашқан Кемал Ақышевтың 95 жылдығына арналған «Табысты археологтың жетістіктері» атты ақпараттық сағат өтті. Кемал Ақышев – ғұлама ғалым, құпиясы мол тарихқа жауап іздеген адам. Ол археология саласын өз өмірін арнады, бұл сала арқылы Кемал Ақышев танымал атанды. Ғалымды шынымен табысты адам деп айтуға болады, себебі оның басшылығымен әлемдік тарихқа аты шыққан ескерткіштер табылып, Қазақстан әлемге әйгілі болды.

Археологические находки в руках школьников Археологические находки в руках школьников
Археологические находки в руках школьников Археологические находки в руках школьников

Бұл сабаққа «Samrug Company PV» орталығының директоры Лампартер Э.Э. және №18 ЖОМ-нің тарих пәнінің мұғалімі Муканов А. С. болған еді. Олар ғұлама археологтың өмірі мен қызметіне терең тоқталды. Кемал Ақышевтың қызметі туралы оқушыларға фильм көрсетілді. №7 және №42 ЖОМ-нің оқушылары орта ғасырдың, Алтын орданың, Ресей империясының, 19 ғасырдағы Италия елінің тиындарын және Скиф-Сақ дәуірінің қола жебесінің ұштығы және басқа артефакттарды өз қолдарымен ұстап көрді.

- Бұл кездесу танымдық болды. Оқушылардың қызығушылықтары артып, кейбір балалар болашақта өз өмірлерін археология саласымен байланыстырғысы келді, -деді әдіскер  Бахыт Беккожина.

Түсініктемелер қосу